Астанада Ақаба процесінің саммиті өтіп жатыр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВ Астане проходит саммит Акабского процесса на тему "Безопасность в сфере искусственного интеллекта"
В Астане проходит саммит Акабского процесса на тему Безопасность в сфере искусственного интеллекта - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
Мемлекет басшылары жасанды интеллект саласындағы қауіп-қатерлер мен оларды жою шаралары жөнінде ортақ түсінік қалыптастырады
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Астанада Ақаба процесінің "Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік" тақырыбына арналған саммиті өтіп жатыр, деп хабарлады Ақорда.
Саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысуда.
Ақаба процесі – Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы көтерген терроризмге және зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық бастама.
Аталған алаңда қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінікті қалыптастыру және нақты әрекет ету шараларын үйлестіру мақсатында мемлекеттер басшылары, арнайы қызметтердің, әскери ведомстволардың және халықаралық ұйымдардың жетекшілері бас қосады.
Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
Видео
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді
Жаңалықтар
0