https://sputnik.kz/20261106/aqyly-zholdardy-kutip-ustau-shygynyn-oz-kirisi-esebinen-zhabu-maselesi-talqylandy--68269625.html
Ақылы жолдарды күтіп ұстау шығынын өз кірісі есебінен жабу мәселесі талқыланды
Ақылы жолдарды күтіп ұстау шығынын өз кірісі есебінен жабу мәселесі талқыланды
Sputnik Қазақстан
Ұсыныстарды қараша айының соңына дейін әзірлеп, қарауға енгізу тапсырылды 06.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-06T10:08+0500
2026-11-06T10:08+0500
2026-11-06T10:09+0500
ақылы жол
жөндеу жұмыстары
https://sputnik.kz/img/639/18/6391851_0:147:1040:732_1920x0_80_0_0_c0845dbf15e9ac019ac8026bb691b760.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолдармен жүру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл мәселе премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен автомобиль жолдарына ақы төлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.Отырыста коммерциялық жүк көліктерінің, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың жол ақысын төлеу тәсілдеріне басты назар аударылды. Бұл ретте ұсынылып отырған шаралар азаматтардың жеке жеңіл көлігі үшін жол жүру шартын өзгертуді көздемейді.Сақтандыру саласындағы тәуелсіз сарапшы Әйгерім Қарабыйыкоглу Қазақстан мен көрші мемлекеттердегі ақылы жол тарифтерінің айырмашылығына назар аударды. Ол тарифтерді аймақтық деңгейге жақындату мүмкіндігін зерттеуді, сондай-ақ отандық тасымалдаушылар үшін бөлек шарттар қарастыруды ұсынды."ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілі Фархад Нұркамалов көлік компаниялары үшін жылдық абонементтер енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Бұл тасымалдаушыларға жоспарланған шақырымды алдын ала төлеуге және сапар көлемі көп болған жағдайда жол жүру шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар төлемдердің жиналу деңгейін арттырып, берешекті азайтуға ықпал етуі мүмкін.Логистика және көлік саласының сарапшысы Болатбек Нәжіметдинұлы автомобильдердің экологиялық сыныбына, шығарындылар деңгейіне және жол төсеміне түсетін жүктемеге қарай тарифтерді саралау мүмкіндігін зерттеуді ұсынды.Сондай-ақ жүк тасымалының ашықтығын арттыру және жол ақысын төлеу талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жүк көліктерінің қозғалысын бақылауда цифрлық құралдарды қолдану ұсынылды.
https://sputnik.kz/20261103/aqmola-oblysynda-lauazymdy-tulgalar-zhol-zhondeuge-bolingen-78-mln-tengeni-zhymqyrgan-68198522.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/18/6391851_0:0:1040:780_1920x0_80_0_0_35a3bc2185b87b991dbc79c9c6bd4199.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақылы жол, жөндеу жұмыстары
ақылы жол, жөндеу жұмыстары
Ақылы жолдарды күтіп ұстау шығынын өз кірісі есебінен жабу мәселесі талқыланды
10:08 06.11.2026 (жаңартылды: 10:09 06.11.2026) Ұсыныстарды қараша айының соңына дейін әзірлеп, қарауға енгізу тапсырылды
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолдармен жүру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл мәселе премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен автомобиль жолдарына ақы төлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.
"Біз автомобиль жолдарын салғанымызбен, оларды күтіп ұстау және жөндеу шығынын бюджет есебінен жабуды жалғастырып келеміз. Жол инфрақұрылымы өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйе құру қажет", – деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Отырыста коммерциялық жүк көліктерінің, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың жол ақысын төлеу тәсілдеріне басты назар аударылды. Бұл ретте ұсынылып отырған шаралар азаматтардың жеке жеңіл көлігі үшін жол жүру шартын өзгертуді көздемейді.
Сақтандыру саласындағы тәуелсіз сарапшы Әйгерім Қарабыйыкоглу Қазақстан мен көрші мемлекеттердегі ақылы жол тарифтерінің айырмашылығына назар аударды. Ол тарифтерді аймақтық деңгейге жақындату мүмкіндігін зерттеуді, сондай-ақ отандық тасымалдаушылар үшін бөлек шарттар қарастыруды ұсынды.
"Сарапшы мемлекеттік шекарадан өту кезінде шетелдік жүк көліктерін сақтандыру тетіктерін пысықтауды ұсынды. Мұндай тәсіл жүк көліктерінің жол инфрақұрылымына келтіретін әсерін өтеудің қосымша құралына, сондай-ақ оны күтіп ұстау мен жөндеуді қаржыландыру көзіне айналуы мүмкін", – делінген хабарламада.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілі Фархад Нұркамалов көлік компаниялары үшін жылдық абонементтер енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Бұл тасымалдаушыларға жоспарланған шақырымды алдын ала төлеуге және сапар көлемі көп болған жағдайда жол жүру шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар төлемдердің жиналу деңгейін арттырып, берешекті азайтуға ықпал етуі мүмкін.
Логистика және көлік саласының сарапшысы Болатбек Нәжіметдинұлы автомобильдердің экологиялық сыныбына, шығарындылар деңгейіне және жол төсеміне түсетін жүктемеге қарай тарифтерді саралау мүмкіндігін зерттеуді ұсынды.
Сондай-ақ жүк тасымалының ашықтығын арттыру және жол ақысын төлеу талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жүк көліктерінің қозғалысын бақылауда цифрлық құралдарды қолдану ұсынылды.