Алматыда сегізінші қабаттан құлаған 13 жастағы бала аман қалды

Виды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
Үшінші күні жасөспірім жан сақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылды
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Алматыда сегізінші қабаттан құлаған 13 жастағы жасөспірімді дәрігерлер аман алып қалды. Бала шамамен 24 метр биіктіктен құлаған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"Жасөспірімді жедел жәрдем бригадасы №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізген. Ауруханаға түскен кезде оның жағдайы аса ауыр болған", - деп жазылған хабарламада.
Дәрігерлер балаға бас-ми жарақатын алған, миы соғылған, қол-аяғы бірнеше жерден сынған, кеуде қуысы мен құрсақ қуысы ағзалары зақымданған деген диагноз қойды. Сонымен қатар травматикалық шок болған.
Науқас бірден анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер жарақаттардың көлемін анықтау үшін басынан аяғына дейін компьютерлік томография жүргізген.
Аурухананың реанимация бөлімінің меңгерушісі Медетали Мәкілбековтің айтуынша, дәрігерлер баланың өмірлік маңызды ағзаларының қызметін тұрақтандыру үшін шұғыл ем жүргізген.
Алғашқы екі тәулікте реаниматологтар баланың жағдайын тұрақтандыруға күш салды. Кейін оған ота жасалды. Үшінші күні жасөспірім жан сақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылды.
Жалпы, травматологтар мен реаниматологтардан құралған медициналық топ төрт ота жасаған.
"Сегізінші қабаттан құлау – өте ауыр жарақат. Баланың аман қалуының өзі үлкен жетістік. Біздің команда бірден қажетті медициналық көмек көрсетуге кірісті. Жарақаттардың сипаты мен ауырлығын ескере отырып, төрт ота жасау туралы шешім қабылданды. Барлық операция сәтті өтті. Қазір науқастың жағдайы оң болжам жасауға мүмкіндік береді", – деді №1 балалар қалалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Құрметбек Тоқтар.
Оның айтуынша, балаға алдағы уақытта ем қабылдау, қалпына келу және оңалту шараларынан өту қажет.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2023
Шымбұлақта сайға құлап кеткен алматылық аман қалды
Жаңалықтар
0