43 млн тоннадан асты: елде мал азығы артығымен дайындалды

© фото предоставлено Жанибеком КенжебаевымСтог сена
Стог сена - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
Өткен қыстан қалған 3,6 млн тонна жемшөп те қосымша ресурс ретінде пайдаланылмақ
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Елімізде мал азығын дайындау науқаны өз мәресіне жетіп, барлық түрі бойынша 43 млн тоннадан асты, дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.
Негізгі төрт түрлі мал азығын дайындау бойынша жоспарлы көрсеткіштер артығымен орындалды. Бұл алдағы қысқы мал қыстату кезеңінде мал шаруашылығы құрылымдарын қажетті жемшөппен қамтамасыз етуге берік негіз қалайды, дейді министрлік.

Атап айтқанда, шаруалар:
27 млн тонна шөп, бұл жоспардың (жоспардың 105,2%-ы);
2,4 млн тонна пішендеме (жоспардың 103,9%-ы);
2,9 млн тонна сүрлем (105,3%);
4,9 млн тонна сабан (103,5%);
5,7 млн тонна құнарлы жем (100,3%) әзірленді.
Бұған қоса, өткен қыстаудан қалған 3,6 млн тонна жемшөп те қосымша ресурс ретінде пайдаланылмақ.
"Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемдік астықпен қосымша қамтамасыз ету мақсатында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" акционерлік қоғамы 200 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын әзірледі. Қажет болған жағдайда бұл астық мал және құс шаруашылығының қажеттілігіне, оның ішінде маусымаралық кезеңдегі сұранысты өтеуге бағытталады", - дейді министрлік.
Мал шаруашылығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды
Жаңалықтар
0