https://sputnik.kz/20261105/qazaqstanga-shetelden-zheke-paydalanuga-qanday-zattardy-salyqsyz-akeluge-bolady-68264207.html
Қазақстанға шетелден жеке пайдалануға қандай заттарды салықсыз әкелуге болады
Қазақстанға шетелден жеке пайдалануға қандай заттарды салықсыз әкелуге болады
Sputnik Қазақстан
Жеке пайдалануға арналған тауарлар кәсіпкерлік мақсатта емес, жеке, отбасылық және үй қажеттіліктері үшін пайдаланады 05.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-05T19:38+0500
2026-11-05T19:38+0500
2026-11-05T20:16+0500
жүк
шетел
жолаушы
https://sputnik.kz/img/07e8/06/19/45201282_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_7bc4e1d071213b3084d11219a1536ee6.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО аймағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жеке пайдалануға арналған тауарлар кәсіпкерлік мақсатта емес, жеке, отбасылық және үй қажеттіліктері үшін пайдаланады. Ондай заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің нақты ережесі бар. Ал қаржы министрінің бұйрығында жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың сандық және сапалық өлшемшарттары белгіленген.Барлық затты кедендік шекара айына 1 рет қана өткізуге рұқсат бар. Ал жылына 1 бірліктен артық мөлшерде кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары кәсіпкерлік қызметке арналған деп қаралады.
https://sputnik.kz/20260602/koreyada-zandy-turde-zhumys-isteuge-qashan-ruqsat-beriledi-63879832.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/19/45201282_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_b97408fee8534e9a6e797701e4d7903c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк, шетел, жолаушы
Қазақстанға шетелден жеке пайдалануға қандай заттарды салықсыз әкелуге болады
19:38 05.11.2026 (жаңартылды: 20:16 05.11.2026) Жеке пайдалануға арналған тауарлар кәсіпкерлік мақсатта емес, жеке, отбасылық және үй қажеттіліктері үшін пайдаланады
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО аймағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Жеке пайдалануға арналған тауарлар кәсіпкерлік мақсатта емес, жеке, отбасылық және үй қажеттіліктері үшін пайдаланады. Ондай заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің нақты ережесі бар. Ал қаржы министрінің бұйрығында жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың сандық және сапалық өлшемшарттары белгіленген.
жүннен жасалған бұйымдар – бір адамға бір атаудағы, өлшемдегі және стильдегі 1 зат;
ұялы телефон – бір адамға 2 бірлік;
планшет – бір адамға 2 бірлік;
портативті компьютер және оған керек-жарақтар (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 бірлік;
зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 зат;
велосипед – бір адамға 1 дана;
балалар арбасы – бір адамға 1 дана;
Барлық затты кедендік шекара айына 1 рет қана өткізуге рұқсат бар. Ал жылына 1 бірліктен артық мөлшерде кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары кәсіпкерлік қызметке арналған деп қаралады.
"Белгіленген нормалардан асып кеткен не кезеңділік өлшемшарты бұзылған кезде тауар жеке пайдалануға арналмаған тауарларға жатқызылуы мүмкін-бұл жағдайда кедендік декларациялаудың және кедендік төлемдерді төлеудің жалпы тәртібі қолданылады",- дейді салықшылар.