https://sputnik.kz/20261105/krishtianu-ronaldu-ulttyq-quramadan-ketetinin-malimdedi-68260586.html
Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді
Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Криштиану Португалияның негізгі құрамасында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан 05.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-05T17:31+0500
2026-11-05T17:31+0500
2026-11-05T17:49+0500
футбол
криштиану роналду
ұлттық құрама
https://sputnik.kz/img/07ea/07/07/64717889_0:0:501:281_1920x0_80_0_0_1e1d11601b0d4bc771de8e3833858b8d.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.41 жастағы футболшы әлеуметтік желіде өз жанкүйерлеріне үндеу жолдады.Аңызға айналған футболшы артқа қарап, тек матчтарды, голдарды, рекордтарды немесе олжаларды емес, 90 минут бойы өздерін Португалияға жақынырақ сезінген эмигранттарды көретінін ерекше атап өтті."Мен ешқашан кездестірмеген, бірақ менің өмірімнің бір бөлігіне айналған миллиондаған португалдықты көремін. Өйткені футбол жай ойыннан әлдеқайда үлкен. Футбол — бұл адамдар", - деді Роналду.Криштиану Португалияның негізгі құрамасында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан. Ол ұлттық құрамада ойнаған матчтар мен голдар саны жағынан ерлер футболының тарихындағы абсолютті әлемдік рекордшы болып отыр.Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаса да, клубтық жарыстарға қатыса береді. Қазір ол Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында шабуылшы позициясында өнер көрсетеді.
https://sputnik.kz/20260729/krishtianu-ronaldu-serialga-tusetin-boldy-65281277.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/07/64717889_33:0:433:300_1920x0_80_0_0_cf54fdf3121078d863c3d17c5329be1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, криштиану роналду, ұлттық құрама
футбол, криштиану роналду, ұлттық құрама
Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді
17:31 05.11.2026 (жаңартылды: 17:49 05.11.2026) Криштиану Португалияның негізгі құрамасында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
41 жастағы футболшы әлеуметтік желіде өз жанкүйерлеріне үндеу жолдады.
"Португалдықтар үшін бәрімізге тиесілі 7 нөмірлі жейдені қайтаратын күн келді. Мен оны ешқашан тек өзімдікі деп санаған жоқпын, бірақ 23 жыл бойы оны алып жүру, қорғау және бүкіл әлем бойынша стадиондарға апару мен үшін үлкен мәртебе мен жауапкершік болды. Бүгін осы жейдені болашаққа тапсыратын сәт келді. Бұл оңай шешім болған жоқ, өйткені тек баспен ғана емес, жүрекпен де қабылданатын шешімдер бар. Мен 2003 жылдың тамызында басталған және өмірімді түбегейлі өзгерткен жолды аяқтаймын ", - деді Роналду.
Аңызға айналған футболшы артқа қарап, тек матчтарды, голдарды, рекордтарды немесе олжаларды емес, 90 минут бойы өздерін Португалияға жақынырақ сезінген эмигранттарды көретінін ерекше атап өтті.
"Мен ешқашан кездестірмеген, бірақ менің өмірімнің бір бөлігіне айналған миллиондаған португалдықты көремін. Өйткені футбол жай ойыннан әлдеқайда үлкен. Футбол — бұл адамдар", - деді Роналду.
Криштиану Португалияның негізгі құрамасында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан. Ол ұлттық құрамада ойнаған матчтар мен голдар саны жағынан ерлер футболының тарихындағы абсолютті әлемдік рекордшы болып отыр.
Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаса да, клубтық жарыстарға қатыса береді. Қазір ол Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында шабуылшы позициясында өнер көрсетеді.