https://sputnik.kz/20261105/almatyda-saq-dauirine-zhatatyn-biregey-altyn-ashekey-tabyldy-68261636.html
Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды
Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды
Sputnik Қазақстан
Бұл олжа Қара теңіз маңынан Алтайға дейінгі Еуразия кеңістігіндегі мәдени байланыс пен ұқсастықтарды зерттеуге мүмкіндік береді 05.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-05T18:46+0500
2026-11-05T18:46+0500
2026-11-05T18:50+0500
алматы
музей
ескерткіш
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/05/68253648_0:121:637:479_1920x0_80_0_0_745e26511fb28c7e187a8501a9968a19.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.Наурызбай ауданындағы Қарағайлы қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында аю бейнесінде жасалған алтын мүсінше табылды. Ғалымдардың болжамынша, бұл бұйым бас киімге тағылатын әшекей ретінде қолданылған.Алдын ала зерттеулер бойынша, оба біздің заманымызға дейінгі IV–III ғасырларға жатады.Қазба барысында сақ дәуіріне тән қыш ыдыстардың сынықтары да табылды. Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары жалғасуда. Ғылыми өңдеуден кейін аса құнды жәдігерлерді Алматы музейінде көпшілік назарына ұсыну жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20261018/qazaqstan-aziyanyn-madeni-murasyn-qorgau-alyansynda-baqylaushy-memleket-martebesine-ie-boldy-67689758.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/05/68253648_0:106:637:584_1920x0_80_0_0_855f0afde10665d49c011c8349fe2613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, музей, ескерткіш
Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды
18:46 05.11.2026 (жаңартылды: 18:50 05.11.2026) Бұл олжа Қара теңіз маңынан Алтайға дейінгі Еуразия кеңістігіндегі мәдени байланыс пен ұқсастықтарды зерттеуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Наурызбай ауданындағы Қарағайлы қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында аю бейнесінде жасалған алтын мүсінше табылды. Ғалымдардың болжамынша, бұл бұйым бас киімге тағылатын әшекей ретінде қолданылған.
Алдын ала зерттеулер бойынша, оба біздің заманымызға дейінгі IV–III ғасырларға жатады.
"Мамандардың айтуынша, Қазақстанда бұған дейін аю бейнесіндегі мұндай алтын мүсіншелер кездеспеген. Бұл олжа Қара теңіз маңынан Алтайға дейінгі Еуразия кеңістігіндегі мәдени байланыс пен ұқсастықтарды зерттеуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Қазба барысында сақ дәуіріне тән қыш ыдыстардың сынықтары да табылды. Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары жалғасуда. Ғылыми өңдеуден кейін аса құнды жәдігерлерді Алматы музейінде көпшілік назарына ұсыну жоспарланып отыр.