https://sputnik.kz/20261105/alayaqtyq-zhasady-degen-kudikke-ilingen-er-adam-gruziyadan-ekstraditsiyalandy-68250370.html
Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам Грузиядан экстрадицияланды
Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам Грузиядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Ол медициналық техниканың Қазақстанда өндірілгені туралы жалған мәліметтер ұсынған 05.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-05T11:40+0500
2026-11-05T11:40+0500
2026-11-05T12:20+0500
грузия
алаяқтық
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/05/68246896_0:0:379:213_1920x0_80_0_0_d285d5dc86d9a7437ee97fc488a01b1f.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады, жалған медициналық бұйымдарды ірі мөлшерде өндірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлады Бас прокуратура.Тергеу барысында күдіктінің мемлекеттік медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтарды сатып алу жөніндегі тендерлерінде басымдылыққа ие болу мақсатында отандық тауар өндіруші мәртебесін заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.Салдарынан шетелдік жинақтаушы бөлшектерден құрастырылған медициналық техника мемлекеттік медициналық ұйымдарға отандық өнім ретінде өткізіліп, мемлекетке 4,5 млрд теңгеден астам залал келтірілген.Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.Биыл наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.Еске сала кетейік, жыл басынан бері Грузиядан 7 адам экстрадицияланды.
https://sputnik.kz/20261022/mangystauda-alayaqtyq-zhasady-degen-kudikpen-tanymal-bloger-qamauga-alyndy-67860601.html
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/05/68246896_0:0:369:276_1920x0_80_0_0_e9cc74aad30424f58bb631fcc1180f78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
грузия, алаяқтық, алаяқ
Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам Грузиядан экстрадицияланды
11:40 05.11.2026 (жаңартылды: 12:20 05.11.2026) Ол медициналық техниканың Қазақстанда өндірілгені туралы жалған мәліметтер ұсынған
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады, жалған медициналық бұйымдарды ірі мөлшерде өндірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлады Бас прокуратура.
Тергеу барысында күдіктінің мемлекеттік медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтарды сатып алу жөніндегі тендерлерінде басымдылыққа ие болу мақсатында отандық тауар өндіруші мәртебесін заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
"Атап айтқанда, ол нақты өндірісті ұйымдастырмай, медициналық техниканың Қазақстанда өндірілетіні туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға жалған мәліметтер ұсынған", - деп жазылған хабарламада.
Салдарынан шетелдік жинақтаушы бөлшектерден құрастырылған медициналық техника мемлекеттік медициналық ұйымдарға отандық өнім ретінде өткізіліп, мемлекетке 4,5 млрд теңгеден астам залал келтірілген.
Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.
Биыл наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері Грузиядан 7 адам экстрадицияланды.