Қазақстан мен Ресей 2027 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарын талқылады

© Сайт Минобороны КазахстанаМинистры обороны Казахстана и России Айдос Мырзахметов и Андрей Белоусов встретились в Астане
Министры обороны Казахстана и России Айдос Мырзахметов и Андрей Белоусов встретились в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Жазылу
Офицерлерді даярлау барысында заманауи талаптар мен әскери технологиялардың даму үрдістері ескерілетін болады
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Астанада Қазақстанның қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов пен Ресейдің қорғаныс министрі Андрей Белоусов екіжақты кездесу өткізді.
Мырзахметов әріптесін Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әскери реформа туралы хабардар етті.
"Реформа әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғыртуға, цифрлық технологияларды енгізуге және жауынгерлік даярлықтың жаңа тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған", - деп жазылған Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Генерал-майор Айдос Мырзахметов сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскери білім берудің практикалық бағытын күшейтіп, оның әскерлермен байланысын нығайтып жатқанын атап өтті. Офицерлерді даярлау барысында заманауи талаптар мен әскери технологиялардың даму үрдістері ескерілетін болады. Бұл түлектердің әскери қызметке кәсіби тұрғыдан неғұрлым сапалы дайындалуына мүмкіндік береді.
Реформаның мақсаты – қазіргі ахуал тұрғысынан мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарулы күштердің дайындық деңгейін арттыру.
"Сонымен қатар, тараптар әскери кадрларды даярлау, жауынгерлік дайындық және әскери-техникалық өзара іс-қимыл мәселелері қамтылған 2027 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады", - деп жазылған хабарламада.
Екі ел қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, жауынгерлік және кәсіби даярлық бағытында тәжірибе алмасуға ниетті екендерін білдірді. Сондай-ақ оқытушылар арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою, бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу мүмкіндіктері қарастырылмақ.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовпен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығында энергетика саласы ерекше орын алады – Новак
Жаңалықтар
0