"Дипломмен ауылға!": мерзімінен бұрын елді мекеннен кетіп қалған жастардың саны жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевДиплом об окончании вуза
Диплом об окончании вуза - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Құрылтайдың бүгінгі отырысында "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша мерзімінен бұрын кетіп қалған жастардың саны жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Шахмардан Баймановтың мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін бағдарламамен 55 237 маман тұрғын үй кредитін алған. Олардың 95,4 пайызы үш жылдық міндеттемесін орындап қойды. Солардың 82,3 пайызы, яғни 43 384 маман ауылда тұрақтап қалған.
Бұл – оң нәтиже. Алайда 9 321 маман міндетті мерзімнен кейін ауылдан кеткен, 2 532 маман шартты мерзімінен бұрын бұзған. Бес жылдан кейінгі тұрақтап қалу көрсеткіші есепке алынбайды", - деді "Ауыл" партиясының өкілі.
Фракция өкілдері премьер-министр депутаттық сауал жолдап, жас мамандарды қолдаудың ұзақ мерзімді шараларын ұсынды.
Жұмыс берушілермен бірлесіп, алдағы үш жылға кадр қажеттілігін анықтау;
"Халықтық құрылыс" нысандарына қажетті мамандар, бос жұмыс орындары, инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлік мүмкіндіктерді ескеру;
білім, жұмыс және тұрғын үй қолдауын байланыстыру.
мемлекеттік қолдаудың ұзақ мерзімді нәтижесін бағалау.
"Біз жаңа бағдарлама немесе қосымша қаржы сұрамаймыз. Мақсатымыз – қолданыстағы мемлекеттік қолдауды өзара байланыстырып, тиімділігін арттыру. Ең бастысы – ауыл жастарының диплом алып қана қоймай, туған жерінде тұрақты жұмыс істеп, өз болашағын құруына жағдай жасау", - деп атап көрсетті Байманов.
Жаңалықтар
0