https://sputnik.kz/20261104/astanada-birlik-aueni-kontserti-otti-68243755.html
Астанада "Бірлік әуені" концерті өтті
Астанада "Бірлік әуені" концерті өтті
Sputnik Қазақстан
Концерт көрермендерге ерекше әсер сыйлап, өнердің шекара талғамайтынын, ал музыка арқылы қалыптасатын мәдени диалог достық пен өзара құрметтің берік негізіне... 04.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-04T23:05+0500
2026-11-04T23:05+0500
2026-11-05T09:47+0500
астана
концерт
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/04/68238407_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_93be4047042b2b6b6dc76750e9806a5b.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында Ресейдің Халық бірлігі күніне және Ресей халықтарының бірлігі жылына орай "Бірлік әуені" атты концерт өтті. Бұл туралы Астанадағы Русский дом хабарлады.Концерттің арнайы қонағы – Гнесиндер академиясының түлегі, Мәскеу филармониясының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, баян аспабының шебер орындаушысы Айдар Салахов.Онымен бірге қазақстандық музыканттар Қанат Жандәулетов пен Дмитрий Староверов өнер көрсетті. Қанат Жандәулетов – Қазақ ұлттық өнер университетінің контрабас класы бойынша оқытушысы. Ал Дмитрий Староверов – республикалық байқаулардың лауреаты, соқпалы аспаптар орындаушысы әрі "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің әртісі.Концерт барысында И. С. Бах, А. Вивальди, Витторио Монти, Джон Уильямс және Астор Пьяццолланың шығармалары, сондай-ақ Айдар Салаховтың авторлық туындылары орындалды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/04/68238407_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e639459da65f535814f2b289eb60130c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, концерт
Астанада "Бірлік әуені" концерті өтті
23:05 04.11.2026 (жаңартылды: 09:47 05.11.2026) Концерт көрермендерге ерекше әсер сыйлап, өнердің шекара талғамайтынын, ал музыка арқылы қалыптасатын мәдени диалог достық пен өзара құрметтің берік негізіне айналатынын көрсетті
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында Ресейдің Халық бірлігі күніне және Ресей халықтарының бірлігі жылына орай "Бірлік әуені" атты концерт өтті. Бұл туралы Астанадағы Русский дом хабарлады.
"Музыка – аударманы қажет етпейтін әмбебап тіл. Ол мәдениеттерді, ұрпақтар мен халықтарды жақындастырып, өзара түсіністік пен достыққа жол ашады. Қазақстан мен Ресейдің талантты орындаушыларын бір сахнаға тоғыстырған музыкалық кештің басты идеясы да осы болды", – делінген хабарламада.
Концерттің арнайы қонағы – Гнесиндер академиясының түлегі, Мәскеу филармониясының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, баян аспабының шебер орындаушысы Айдар Салахов.
Онымен бірге қазақстандық музыканттар Қанат Жандәулетов пен Дмитрий Староверов өнер көрсетті. Қанат Жандәулетов – Қазақ ұлттық өнер университетінің контрабас класы бойынша оқытушысы. Ал Дмитрий Староверов – республикалық байқаулардың лауреаты, соқпалы аспаптар орындаушысы әрі "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің әртісі.
"Концерт бағдарламасы классикалық жауһарлар, заманауи авторлық шығармалар, ұлттық әуендер мен әр буынның сүйікті туындылары тоғысқан нағыз музыкалық саяхатқа айналды", – делінген хабарламада.
Концерт барысында И. С. Бах, А. Вивальди, Витторио Монти, Джон Уильямс және Астор Пьяццолланың шығармалары, сондай-ақ Айдар Салаховтың авторлық туындылары орындалды.