https://sputnik.kz/20261103/umay-bagdarlamasy-otbasy-bank-850-otinim-qabyldady-68199165.html
"Ұмай" бағдарламасы: Отбасы банк 850 өтінім қабылдады
"Ұмай" бағдарламасы: Отбасы банк 850 өтінім қабылдады
Sputnik Қазақстан
Сағат 16:00-де екінші транштың белгіленген лимиті толық игерілуіне байланысты өтінім қабылдау аяқталды 03.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-03T21:39+0500
2026-11-03T21:39+0500
2026-11-03T21:39+0500
банк
ипотека
пәтер
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35009177_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_0875d14b0d6d56d4a3e7d0802a9f774d.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. "Ұмай" бағдарламасы бойынша қазақстандық әйелдерден 850 өтінім қабылданды, деп хабарлады "Отбасы банк".Бағдарлама бойынша өтінім қабылдау бүгін, 3 қарашада басталды. Қазақстандық әйелдерді несиелендіруге арналған қаражатты Азия даму банкі бөлді. Бұл – бағдарлама аясында тұрғын үй заемдарын беруге бағытталған екінші транш. Оның көлемі 20 млрд теңге болып бекітілді.Сағат 16:00-де екінші транштың белгіленген лимиті толық игерілуіне байланысты өтінім қабылдау аяқталды.Осы уақытқа дейін қазақстандық әйелдерден жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрайтын 850 өтінім қабылданды. Оның ішінде 352 өтінім банк кеңесшілері арқылы берілді.Қабылданған барлық өтінім бойынша бағдарламаға қатысушылар заем алуға алдын ала мақұлдау алды. Алдын ала мақұлдаудың жарамдылық мерзімі – бір ай. Осы уақыт ішінде қатысушылар тұрғын үйді таңдап, оны сатып алу үшін кредиттік өтінім беріп үлгеруі қажет.Бағдарламаға деген жоғары сұраныс оның тиімді шарттарымен байланысты. Атап айтқанда, бағдарламаға конкурссыз қатысуға болады, бастапқы жарна мөлшері төмендетілген, бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар қатысушыларға өз меншігінде тұрғын үйдің болмауы туралы талап қойылмайды.
https://sputnik.kz/20260827/umay-ipotekasyna-qashan-otinim-qabyldanady-66140646.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35009177_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e90ddc1683bdbe759bbc3655e413b3f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, ипотека, пәтер
"Ұмай" бағдарламасы: Отбасы банк 850 өтінім қабылдады
Сағат 16:00-де екінші транштың белгіленген лимиті толық игерілуіне байланысты өтінім қабылдау аяқталды
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. "Ұмай" бағдарламасы бойынша қазақстандық әйелдерден 850 өтінім қабылданды, деп хабарлады "Отбасы банк".
Бағдарлама бойынша өтінім қабылдау бүгін, 3 қарашада басталды. Қазақстандық әйелдерді несиелендіруге арналған қаражатты Азия даму банкі бөлді. Бұл – бағдарлама аясында тұрғын үй заемдарын беруге бағытталған екінші транш. Оның көлемі 20 млрд теңге болып бекітілді.
"Өтінім қабылдау басталған алғашқы минуттардан-ақ бағдарламаға деген қызығушылықтың жоғары екені байқалды. Банктің сағат 15:00-дегі мәліметі бойынша, жалпы сомасы 12,5 млрд теңгені құрайтын 524 өтінім қабылданған", - деп жазылған хабарламада.
Сағат 16:00-де екінші транштың белгіленген лимиті толық игерілуіне байланысты өтінім қабылдау аяқталды.
Осы уақытқа дейін қазақстандық әйелдерден жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрайтын 850 өтінім қабылданды. Оның ішінде 352 өтінім банк кеңесшілері арқылы берілді.
Қабылданған барлық өтінім бойынша бағдарламаға қатысушылар заем алуға алдын ала мақұлдау алды. Алдын ала мақұлдаудың жарамдылық мерзімі – бір ай. Осы уақыт ішінде қатысушылар тұрғын үйді таңдап, оны сатып алу үшін кредиттік өтінім беріп үлгеруі қажет.
Бағдарламаға деген жоғары сұраныс оның тиімді шарттарымен байланысты. Атап айтқанда, бағдарламаға конкурссыз қатысуға болады, бастапқы жарна мөлшері төмендетілген, бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар қатысушыларға өз меншігінде тұрғын үйдің болмауы туралы талап қойылмайды.