https://sputnik.kz/20261103/ukraina-boyynsha-ushzhaqty-kelissoz-10-11-qarashada-otedi--uitkoff-68175356.html
Украина бойынша үшжақты келіссөз 10-11 қарашада өтеді – Уиткофф
Украина бойынша үшжақты келіссөз 10-11 қарашада өтеді – Уиткофф
Sputnik Қазақстан
АҚШ президентінің арнайы өкілі Абу-Дабиде Ресей және Украина делегацияларымен кездесер алдында ЕО және НАТО өкілдерімен қауіпсіздік кепілдіктерін талқылайтынын... 03.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-03T08:53+0500
2026-11-03T08:53+0500
2026-11-03T08:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/14/67791388_86:249:3041:1911_1920x0_80_0_0_9a60b489b92ae43be77f543dd45de4b2.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Вашингтонның арағайындығымен Ресей мен Украина арасында Біріккен Араб Әмірліктерінде келіссөз өтетінін хабарлады.Арнайы өкілдің айтуынша, кездесу алдында америкалық келіссөз жүргізушілер Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуропалық одақ және НАТО өкілдерімен Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктерін және болашақ қауіпсіздік архитектурасының негізгі бағыттарын талқылайды.Өткен аптада Ослода Украина президенті Владимир Зеленский, Финляндия президенті Александр Стубб, Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре және Стивен Уиткоффтың қатысуымен кездесу өтті.Келесі күні америкалық келіссөз жүргізуші Санкт-Петербургке барып, Украинадағы қақтығысты шешу жолдары жөніндегі ұсыныстар қамтылған құжаттарды Ресей президенті Владимир Путинге ұсынды. Ресей басшысы Мәскеудің Вашингтон мен Киевтің қатысуымен үшжақты форматтағы консультацияларды қайта бастауға дайын екенін жеткізді.Кремль өкілі Дмитрий Песковтың айтуынша, Абу-Дабиде өтетін жоспарланған кездесуде тараптар Ресей мен Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін талқылайды.Ал Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ атынан келіссөзге Стивен Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысады деп жоспарланып отыр."АҚШ атынан Абу-Дабиде Стивен Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысады деп жоспарланған", – деп жазады басылым.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/14/67791388_414:118:2988:2048_1920x0_80_0_0_389439f3d621e282edc03bc77513e869.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина бойынша үшжақты келіссөз 10-11 қарашада өтеді – Уиткофф
АҚШ президентінің арнайы өкілі Абу-Дабиде Ресей және Украина делегацияларымен кездесер алдында ЕО және НАТО өкілдерімен қауіпсіздік кепілдіктерін талқылайтынын мәлімдеді
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Вашингтонның арағайындығымен Ресей мен Украина арасында Біріккен Араб Әмірліктерінде келіссөз өтетінін хабарлады.
"Құрама Штаттар 10-11 қарашада Абу-Дабиде Украина мен Ресей арасындағы жұмыс деңгейіндегі келіссөзге арағайын болады", – деп жазды Уиткофф X әлеуметтік желісінде.
Арнайы өкілдің айтуынша, кездесу алдында америкалық келіссөз жүргізушілер Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуропалық одақ және НАТО өкілдерімен Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктерін және болашақ қауіпсіздік архитектурасының негізгі бағыттарын талқылайды.
Өткен аптада Ослода Украина президенті Владимир Зеленский, Финляндия президенті Александр Стубб, Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре және Стивен Уиткоффтың қатысуымен кездесу өтті.
Келесі күні америкалық келіссөз жүргізуші Санкт-Петербургке барып, Украинадағы қақтығысты шешу жолдары жөніндегі ұсыныстар қамтылған құжаттарды Ресей президенті Владимир Путинге ұсынды. Ресей басшысы Мәскеудің Вашингтон мен Киевтің қатысуымен үшжақты форматтағы консультацияларды қайта бастауға дайын екенін жеткізді.
Кремль өкілі Дмитрий Песковтың айтуынша, Абу-Дабиде өтетін жоспарланған кездесуде тараптар Ресей мен Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін талқылайды.
Ал Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ атынан келіссөзге Стивен Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысады деп жоспарланып отыр.
"АҚШ атынан Абу-Дабиде Стивен Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысады деп жоспарланған", – деп жазады басылым.