Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды

© Photo : Туризм және спорт министрлігіФатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды
Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Португалия өкілі София Гаспардан басым түсті
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
"52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Португалия өкілі София Гаспардан басым түсіп, Олимпиада тұғырының ең биік сатысына көтерілді", - деп жазылған хабарламада.
Фатима финалға дейін де қарсыластарынан басым түсті. Ширек финалда Коста-Рика спортшысы Химена Моралес Гамбоаны иппонмен жеңсе, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицованы қапы қалдырды.
Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Балуан Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
Жаңалықтар
0