Денсаулық сақтау министрлігі арықтауға арналған препараттың тіркелмегенін ескертті

© Пресс-служба Министерства здравоохранения РКПроизводство лекарств в Казахстане
Производство лекарств в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
Мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды қолдануға болмайды
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі салмақ тастауға арналған "Мунджаро" препаратының Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтпегенін хабарлады.
Фармация комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік тіркеуден өткен пептидтік препараттар бар. Алайда "Мунджаро" әлі тіркелмеген.
"Қазір "Мунджаро" препараты сараптамадан өтіп жатыр. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды қолдануға болмайды. Бұл заң бұзушылық болып саналады", – деді Жүсіпов үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, бұған дейін Маңғыстау облысында тіркелмеген пептидтік препараттарды қолданған жекеменшік клиника анықталған. Тексеру барысында аталған дәрілік заттардың барлығы тәркіленген.
Айта кетері, бүгінде мемлекеттік тіркеуден өткен дәрілердің тізімін Dari KZ мобильді қосымшасы арқылы көруге болады.
Таблетки, лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Қазақстандық дәрі-дәрмек қай елдерге сатылады
Жаңалықтар
0