https://sputnik.kz/20261102/zhoo-granty-men-diplomyn-uade-etken-oral-turgyny-birneshe-adamdy-aldap-ketti-68135754.html
ЖОО гранты мен дипломын уәде еткен: Орал тұрғыны бірнеше адамды алдап кетті
ЖОО гранты мен дипломын уәде еткен: Орал тұрғыны бірнеше адамды алдап кетті
Sputnik Қазақстан
Күдікті уәде еткен қызметтері үшін тұрғындардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алдын ала төлем алған 02.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-02T12:43+0500
2026-11-02T12:43+0500
2026-11-02T12:45+0500
жоғары білім алу
диплом
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/479/28/4792867_0:188:2016:1322_1920x0_80_0_0_2d4291403db6077a99561a7abbfbddea.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 35 жастағы әйел білім беру саласына қатысты түрлі қызмет көрсетемін деген желеумен тұрғындардың ақшасын иемденген, деп хабарлайды Polisia.kz.Қыркүйек айында облыстық полиция департаментіне Орал қаласының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, бір әйел жоғары оқу орнында ақылы негізде білім алып жүрген ұлын грантқа ауыстырып беруге уәде етіп, 50 мың теңгесін алдап алған.Тергеу барысында күдіктінің Орал қаласы мен облыс аудандарының тұрғындарына білім беру саласына қатысты түрлі мәселелерді шешіп беруге уәде етіп, олардың қаражатын иемденгені анықталды.Күдікті уәде еткен қызметтері үшін тұрғындардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алдын ала төлем алған. Алайда берген уәделерін орындамаған. Осыдан кейін жәбірленушілер полицияға арызданған.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Орал қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған деректер бойынша тоғыз эпизодтан тұратын қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20261010/marketpleys-zhurgizudi-uyretemin-dep-bes-adamdy-156-mln-tengege-aldap-ketken-67455543.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/479/28/4792867_236:0:2016:1335_1920x0_80_0_0_f1c765c44e5b8010864e8f42a3712b69.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоғары білім алу, диплом, алаяқтық
жоғары білім алу, диплом, алаяқтық
ЖОО гранты мен дипломын уәде еткен: Орал тұрғыны бірнеше адамды алдап кетті
12:43 02.11.2026 (жаңартылды: 12:45 02.11.2026) Күдікті уәде еткен қызметтері үшін тұрғындардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алдын ала төлем алған
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 35 жастағы әйел білім беру саласына қатысты түрлі қызмет көрсетемін деген желеумен тұрғындардың ақшасын иемденген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қыркүйек айында облыстық полиция департаментіне Орал қаласының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, бір әйел жоғары оқу орнында ақылы негізде білім алып жүрген ұлын грантқа ауыстырып беруге уәде етіп, 50 мың теңгесін алдап алған.
Тергеу барысында күдіктінің Орал қаласы мен облыс аудандарының тұрғындарына білім беру саласына қатысты түрлі мәселелерді шешіп беруге уәде етіп, олардың қаражатын иемденгені анықталды.
"Атап айтқанда, ол педагогтердің санаттық тестілеуден өтуіне көмектесіп, шекті балл жинап беретінін айтып, бір тұрғыннан 60 мың теңге, екіншісінен 120 мың теңге алған. Сондай-ақ бірнеше адамға магистратураға түсуге және жоғары оқу орнының дипломын алуға көмектесетінін айтып, ақшаларын иемденген", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті уәде еткен қызметтері үшін тұрғындардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алдын ала төлем алған. Алайда берген уәделерін орындамаған. Осыдан кейін жәбірленушілер полицияға арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Орал қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған деректер бойынша тоғыз эпизодтан тұратын қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.