Жол саласында 33 қылмыстық іс қозғалды

Ремонт дорог - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
Келтірілген залалдың алдын ала көлемі 8 млрд теңгеге жуықтаған
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстанда автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша 33 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы үкімет отырысында бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өміралиев мәлімдеді.
Келтірілген залалдың алдын ала көлемі 8 млрд теңгеге жуық.
"Сонымен қатар негізсіз шарттар мен мемлекеттік сатып алу жоспарларының күшін жою арқылы 36 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді", - деді Өміралиев.
Атап айтқанда, бұрын жөнделген жолдарға, оның ішінде мердігерлердің кепілдік міндеттемелері әлі аяқталмаған нысандарға қайта жөндеу жүргізу үшін жаңа тендерлер жариялау фактілері анықталған.
Жиын қорытындысы бойынша үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмыс тобына қараша айының соңына дейін жол саласын реформалау жөніндегі ұсыныстардың толық пакетін әзірлеуді тапсырды.
Улицы Нур-Султана после снятия режима ЧП - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2026
Астанада жыл соңына дейін тағы 15 шақырым жол салынады - әкім
Жаңалықтар
0