https://sputnik.kz/20261102/su-salasynda-qurylysy-toqtap-qalgan-10-zhoba-boyynsha-zhumystar-qayta-bastaldy---ministrlik-68130614.html
Су саласында құрылысы тоқтап қалған 10 жоба бойынша жұмыстар қайта басталды - министрлік
Су саласында құрылысы тоқтап қалған 10 жоба бойынша жұмыстар қайта басталды - министрлік
Sputnik Қазақстан
Тағы төрт жоба "Мемсараптама" РМК-ның қарауында болса, қалған екі жобаға түзету енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр 02.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-02T10:29+0500
2026-11-02T10:29+0500
2026-11-02T10:29+0500
құрылыс
министрлік
су
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1f/56066741_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_1b7fbef5499c959fa13cc448726b9815.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстанда 2010-2020 жылдары басталған, алайда аяқталмаған 10 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қайта жанданып, жалғастырылып жатыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.Олардың қатарында Қызылорда және Түркістан облыстарындағы каналдарды реконструкциялау және жаңғыртуға қатысты алты жоба, сондай-ақ Ақмола облысындағы Преображенский гидроторабы мен Сілеті су қоймасын, Абай облысындағы Қусақ өзеніндегі бөгет гидроторабын және Алматы облысындағы Сүмбе өзеніндегі су алу құрылысын реконструкциялау жобалары бар.Қазіргі уақытта Сүмбе өзеніндегі су алу нысанында және Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналында құрылыс-монтаж жұмыстары қайта басталды. Түркістан облысындағы К-26 және К-28 каналдары бойынша конкурс рәсімдері басталды. Тағы төрт жоба "Мемсараптама" РМК-ның қарауында болса, қалған екі жобаға түзету енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жалпы министрлік құрылғаннан бері су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау бойынша ұзақ уақыт аяқталмай қалған жобалардың саны екі есеге жуық қысқарды.
https://sputnik.kz/20261027/songy-ush-zhylda-balqash-koline-shamamen-40-mlrd-tekshe-metr-su-zhiberildi-67991068.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1f/56066741_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_2b6b02c2e041411a85a9c764d938a451.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс, министрлік, су
Су саласында құрылысы тоқтап қалған 10 жоба бойынша жұмыстар қайта басталды - министрлік
Тағы төрт жоба "Мемсараптама" РМК-ның қарауында болса, қалған екі жобаға түзету енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстанда 2010-2020 жылдары басталған, алайда аяқталмаған 10 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қайта жанданып, жалғастырылып жатыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Олардың қатарында Қызылорда және Түркістан облыстарындағы каналдарды реконструкциялау және жаңғыртуға қатысты алты жоба, сондай-ақ Ақмола облысындағы Преображенский гидроторабы мен Сілеті су қоймасын, Абай облысындағы Қусақ өзеніндегі бөгет гидроторабын және Алматы облысындағы Сүмбе өзеніндегі су алу құрылысын реконструкциялау жобалары бар.
Қазіргі уақытта Сүмбе өзеніндегі су алу нысанында және Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналында құрылыс-монтаж жұмыстары қайта басталды. Түркістан облысындағы К-26 және К-28 каналдары бойынша конкурс рәсімдері басталды. Тағы төрт жоба "Мемсараптама" РМК-ның қарауында болса, қалған екі жобаға түзету енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы министрлік құрылғаннан бері су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау бойынша ұзақ уақыт аяқталмай қалған жобалардың саны екі есеге жуық қысқарды.
"Егер 2020-2022 жылдары Су шаруашылығы комитетінің теңгерімінде осындай 19 жоба болса, бүгінде олардың саны 10-ға дейін азайды. Қалған жобаларды алдағы екі жыл ішінде аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деді министрліктің Су шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбек Серіков.