Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай Украина мәселесі бойынша саммит өткізуді жоспарлап отырған жоқ – Штайнмайер

© Sputnik / Артур Александров / Медиабанкке өтуБейжің, архивтегі фото
Бейжің, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
Си Цзиньпиннің пікірінше, әзірге Украина мәселесі бойынша АҚШ, Ресей және Қытай қатысатын саммит өткізуге қажетті алғышарттар жоқ
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қытай Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша Ресей және АҚШ қатысатын саммит өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мәлімдеді.
Ол Қытай төрағасы Си Цзиньпиннен "Қытай, АҚШ және Ресей басшылары Украина мәселесі бойынша келіссөз өткізеді" деген ақпараттың рас-өтірігін сұрағанын айтты.
"Ол Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін алдағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммитін ғана атап өтті. Оның пікірінше, әзірге Украина мәселесі бойынша АҚШ, Ресей және Қытай қатысатын саммит өткізуге қажетті алғышарттар жоқ", – деді Штайнмайер Германияның Tagesschau телеарнасына берген сұхбатында.
Айта кетері, аталған экономикалық саммит Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 18-19 қарашада өтеді.
Дмитрий Кулеба  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Кулеба: Украина 2022 жылдың соңында Ресеймен бейбіт келісім жасасуы мүмкін еді
Жаңалықтар
0