Мобильді аударымдарға қатысты талап өзгереді

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
10 қарашадан бастап ең төменгі жалақының орнына айлық есептік көрсеткіш қолданылады
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстанда 10 қарашадан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа талап күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі ереже бойынша, егер жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде 100 және одан да көп адамнан мобильді аударым арқылы ақша алса және аударымдардың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (1 020 000 теңгеден) асса, оның шотындағы операциялар кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс белгілері бар операциялар ретінде қарастырылады. Банктер мұндай мәліметтерді салық органдарына жібереді.
10 қарашадан бастап ең төменгі жалақының орнына айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Жаңа талап бойынша, қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі адамнан түскен ақша аударымдарының жалпы сомасы 360 АЕК-тен асуы керек. Бұл 2026 жылы 1 557 000 теңгеге тең.
Тиісті өзгерістер министрдің бұйрығымен жеке тұлғалардың банктік шоттарындағы операцияларды кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарына енгізілді.
Бұйрықта жаңа талап жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған банктік шотына қатарынан үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі адамнан түскен ақшаның жалпы сомасы 360 АЕК-тен асқан жағдайда қолданылатыны көрсетілген.
Перевод денег по мобильному приложению, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Мобильді аударымдар тексерілді – 115 мың адам бақылауға ілікті
Жаңалықтар
0