"Қазақстан аумағымен ұшып барамын": Ердоған Тоқаевқа жеделхат жолдады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев вручил Реджеп Тайип Эрдогану орден Qoja Ahmet Yasaui
Касым-Жомарт Токаев вручил Реджеп Тайип Эрдогану орден Qoja Ahmet Yasaui - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
Ол бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тілеген ізгі сәлемін жолдады
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
"Корея Республикасына ресми сапармен бағыт алған мен тарихи атамекеніміз – достас әрі бауырлас Қазақстан аумағымен ұшып барамын. Биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарымның, сондай-ақ Сіздің жақында ғана Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін Анкараға келген сапарыңыздың табысты нәтижелері мен жылы сәттерін ықыласпен еске алдым. Осы орайда, Сіздің деніңізге саулық, көңіліңізге қуаныш, ал бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тілеген ізгі сәлемімді жолдағым келеді", – деп жазды түрік көшбасшысы жеделхатта.
Мемлекет басшысы ТМҰ саммитіне қатысу үшін Анкара қаласына ресми сапармен барған қазақ делегациясын жылы қарсы алған Түркия президентіне алғыс айтты.
"Режеп Тайип Ердоған мырзаға Анкарада көрсеткен ілтипаты мен қонақжайлығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік одан әрі беки береді деп сенемін", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасына.
Қазақстан мен Түркия президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2026
Түркия Қазақстанмен сауда айналымын 15 млрд долларға дейін арттырады
Жаңалықтар
0