"Qarmet" биыл 4 млн тонна болат пен 3,6 млн тонна көмір өндіруді жоспарланып отыр

© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
Компания жұмысы басталғаннан бері инвестиция көлемі 2,7 миллиардтан аса долларды құрады
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорда.
Президентке домна пешінде балқытылған шойынның қалай құрышқа айналатыны, содан кейін үздіксіз құю қондырғысына және одан әрі илемдеуге жіберілетіні көрсетілді.
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Qarmet компаниясы 2024 жылы №1 және №2 конвертерлерде күрделі жөндеу жүргізіп, корпустарды толық ауыстырды және анағұрлым заманауи конструкциялар орнатты.
"Жаңғырту жұмыстары шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, қорытылған болат көлемін ұлғайтуға, құрал-жабдықтардың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар цехтағы бірқатар технологиялық үдерісті табиғи газға көшіру ісі жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Qarmet директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, 2026 жылдың қорытындысы бойынша 4 миллион тонна болат, 3,6 миллион тонна көмір және 3,9 миллион тонна темір рудасы концентратын өндіру жоспарланып отыр.
Компания жұмысы басталғаннан бері инвестиция көлемі 2,7 миллиардтан аса долларды құрады. Бұл қаражат өндіріс қуатын жаңғыртуға және жаңа өнеркәсіптік нысан салуға бағытталды.
Президент Теміртауда жаңа трамвайға мініп көрді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Президент Теміртауда жаңартылған трамвайға мініп көрді
Жаңалықтар
0