Маңғыстау облысында жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуРельсы, железная дорога
Рельсы, железная дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Ақтау теңіз портына кіреберістегі теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
Оқиға 2 қарашада сағат 16:55-те күзетілмейтін және реттелмейтін теміржол өткелінде болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, "МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі шамамен 5 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан тепловозға жол бермеген", - деп жазылған хабарламада.
Салдарынан тепловозға елеулі техникалық зақым келді. Оқиға туралы Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланған.
Алдын ала болжам бойынша жол апатына жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы себеп болған.
Жаңалықтар
0