Видео

Софья Самоделкина Канадада Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

© Photo : Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіСофья Самоделкина Канадада Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді
Софья Самоделкина Канадада Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Жазылу
Отандасымыз төрешілердің шешімімен 71,84 ұпай еншіледі
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Софья Самоделкина Канадада Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді, деп хабарладф Ұлттық олимпиада комитеті.
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады.
Отандасымыз төрешілердің шешімімен 71,84 ұпай еншілеп, әзірге бесінші орында тұр.
Жарыста жапониялық Мао Симада 82,11 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында америкалық Изабо Левито (78,50), ал үздік үштікті эстониялық Нина Петрыкина (77,24) түйіндеді.
Қатысушылар еркін бағдарламаны Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні орындайды.
Әлихан Нысанбаев АҚШ-та өткен халықаралық дрон жарысында үздік бестікке енді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2026
Оралдық оқушы дрон спортынан АҚШ-та өткен жарыста үздік бестікке енді
Жаңалықтар
0