Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға басымдық беріп отыр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаЕгістік жұмыстары
Егістік жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Жазылу
Тұқым материалының сапасына ерекше назар аударылады
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Басым бағыттардың бірі – жоғары табысты дақылдардың үлесін арттыру арқылы егіс алқаптарының құрылымын одан әрі әртараптандыру.
"Тұқым материалының сапасына ерекше назар аударылады. Биыл элиталық тұқымдардың үлесі жоспарланған 11,6%-дан асып, 12%-ға жетті. Бұл көрсеткішті одан әрі арттыру дақылдардың өнімділігі мен қолайсыз жағдайларға төзімділігін көтерудің маңызды факторларының бірі ретінде қарастырылады", - деп жазылған хабарламада.
Тағы бір маңызды міндет – минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемін ұлғайту. Биыл аграршылар 2,2 млн тонна минералды тыңайтқыш енгізді.
"Бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 66%-ын құрайды. Тыңайтқыштарды қолдану көлемін одан әрі арттыру егіншілік тиімділігін көтеріп, ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін жақсартуға мүмкіндік береді", - дейді министрлікте.
Машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары да жалғасады. Биыл техниканы жаңарту деңгейі 7%-ға жетті, ал жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын қолдану ауқымы кеңейтіледі.
Егін жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Бұрын пайдаланылмаған 800 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жерін игеру басталды
Жаңалықтар
0