Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Нидерланды Украинаға зымыран жеткізуді жеделдету жолдарын іздестіріп жатыр

© AP Photo / Andrew Caballero-ReynoldsPatriot зымыраны
Patriot зымыраны - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Жазылу
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған PAC-3 үлгісіндегі 500 зениттік зымыранды сатуды мақұлдаған болатын
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Нидерланды және оның серіктестері Украинаға Patriot әуе қорғанысы зымырандарын жеткізуді жеделдету жолдарын пысықтап жатыр, деп хабарлады елдің қорғаныс министрі Дилан Йешильгез-Зегериус.

"Біз Украинаға Patriot зымырандарын жеткізудің ірі пакетін мақұлдауға бір қадам жақындадық... Қорғаныс министрлігі серіктестерімен бірге бұл жеткізуді жеделдету жолдарын пысықтап жатыр", - деп жазды Йешильгез-Зегериус әлеуметтік желілерде.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған PAC-3 үлгісіндегі 500 зениттік зымыранды сатуды мақұлдаған болатын.
Келісімнің болжамды жалпы құны 2,1 миллиард долларды құрайды және ол толығымен серіктестер мен одақтастардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Ресей Украинаға қару жеткізу қақтығысты реттеу процесіне кедергі келтіріп жатыр деп санайды. Кремль Батыстың Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге кері әсер ететінін мәлімдеді.
Здание Государственного департамента США - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинаға Patriot жүйесіне арналған 500 зымыран сатуды мақұлдады
Жаңалықтар
0