https://sputnik.kz/20261101/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-1-qarasha-68110348.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қараша
Sputnik Қазақстан
1 қарашада не болғанын білесіз бе? 01.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-01T00:01+0500
2026-11-01T00:01+0500
2026-11-01T00:01+0500
дерекқор
https://sputnik.kz/img/1183/90/11839043_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_6031fab03ea1555b8dffdad24c490f80.jpg
Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.1 қарашада қандай мереке аталып өтеді1 қарашада бүкіл әлемде вегандар кәсіби мерекесі Веган күнін тойлайды. Олардың төл мейрамнан бөлек, өздерінің жеке қоғамы да бар: оны вегандықтың негізгі идеологтарының бірі Дональд Уотсон құрған. Айтпақшы, "веган" сөзін қолданысқа енгізген де осы адам. Вегандық – вегетериандықтың ең қатал түрлерінің бірі. Бұлардың қатарына қосылғысы келетіндердің мынаны есте сақтағаны жөн: веган болу үшін еттен ғана бас тартпайсыз, жұмыртқа, сүт тағамдары, бал және басқа да жануар өнімдерін аузыңызға алмауға тиіссіз. Сонымен бірге тері, жүн, жібектен тігілген киімдерді ұмытасыз. Жануарлар арқылы сынақтан өткен бүкіл өнім мен дәрі-дәрмекке тыйым салынады. Ең танымал вегандар — Клинт Иствуд, Натали Портман, Моби, Лени Кравец, Пол МакКартни, Брайан Адамс және т.б. Бүгін – Кофе қалдығымен бал ашу күні. Күнделікті кофе ішпесе тұра алмайтын жандар аз емес. Бірақ хош иісті сусынға әбден қанған соң, неге болашаққа болжам жасап көрмеске? Кім біледі, ерекше өрнектер алдағы өміріңіз туралы хабар беретін шығар. Бір қызығы, Ресейде Петр І кофені алғаш елге алып келген сәттен бастап бал ашу әдеті пайда болды. Әсіресе байлар қатты сеніп, болашағын білу үшін сығандарды үйлеріне шақыратын болған.Ұйымдастыру қабілетіңіз жоғары, біліміңіз мол, ойыңыз жүйрік болса, бүгін сіздің төл мерекеңіз – Менеджер күні. Бұл бейресми мереке ТМД елдерінің көпшілігінде аталып өтеді. Ештеңеден жасқанбай идеяңызды іске асырыңыз, бәлкім, басшылық бұл дарыныңызды байқап, тасыңыз өрге домалайтын шығар.1 қарашада әлемде қандай тарихи оқиғалар болды1520 жылы Магеллан бұғазы ашылды;1570 жылы Солтүстік теңізде "Барлық әулиелер күні" су тасқыны болды. Апат салдарынан 20 000-нан астам адам қаза тапты. Нидерландының жағалау аймақтары қатты зардап шекті.1800 жылы Джон Адамс АҚШ президенттерінің арасында кейіннен Ақ үй деп аталған Атқарушы резиденцияда тұрған алғашқы президент болды;1894 жылы Ресейдің соңғы императоры ІІ Николай таққа отырды;1897 жылы "Ювентус" итальян футбол клубы құрылды;1993 жылы Еуропалық одақ ресми құрылды;1990 жылы адам құқығы бойынша Еуропалық соттың негізі қаланды.1 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1992 жылы бұрынғы Түркістан әскери округының 32-ші әскері құрамалары мен бөлімшелерінің базасында Қазақстандағы алғашқы әскери корпус құрылды, штабы Семейде орналасты. Кейін оның базасында Шығыс әскери округі жасақталды. Ол 2003 жылғы 13 қарашада қазіргі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы болып қайта құрылды;1996 жылы Алматыда "Айналайын" бірінші халықаралық жас дарын фестивалінің ашылуы болды;2005 жылы Қызылорда облысындағы көне заман тұрақтарындағы қазба жұмыстары кезінде бірегей заттар табылды;2005 жылы Қарағандыда кеңестік кезеңнен кейін алғаш рет "Ашық Азия – ашық музей" І Орталық Азия музей фестивалі өтті;2017 жылы ЮНЕСКО бас директорының шешімімен Алматы ЮНЕСКО Шығармашылық қалалары желісінің мүшелігіне қабылданды.1 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар1758 жылы итальян мүсіншісі, ХІХ ғасырдың еуропалық академиялық мүсін өнерінің өкілі Антонио Канова дүниеге келді;1911 жылы кеңестік театр және кино актері Сергей Столяров дүниеге келді (фильмдері: "Цирк", "Руслан и Людмила", "Василиса Прекрасная", "Кащей Бессмертный");1923 жылы танымал кеңестік кинорежиссер әрі сценарист Сергей Микаэлян дүниеге келді. Фильмдері: "Влюблен по собственному желанию", "Иду на грозу", "Принимаю бой", "Вдовы";1960 жылы америкалық кәсіпкер, миллиардер, Apple компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, бұрынғы бас директоры Тим Кук дүниеге келді;1973 жылы үнді актрисасы әрі фотомодель Айшвария Рай дүниеге келді. 1994 жылғы Әлем аруы.1 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді1933 жылы ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, заң ғылымдарының докторы Мұрат Баймаханов дүниеге келді; 1936 жылы Қазақстанның халық әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті композитор Базарбай Жұманиязов дүниеге келді; 1949 жылы жазушы, драматург, Қазақстан журналистер одағының Қазыбаев атындағы сыйлығының иегері Сейілғазы Әбдікәрімов дүниеге келді;1974 жылы танымал балуан, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Берік Деңгелбаев дүниеге келді;1985 жылы спортшы, зілтемірші Майя Манеза дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1183/90/11839043_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_f5f016344bcaef33b4612ebd3ba44a66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қараша
1 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен әйгілі екенін
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
1 қарашада қандай мереке аталып өтеді
1 қарашада бүкіл әлемде вегандар кәсіби мерекесі Веган күнін тойлайды. Олардың төл мейрамнан бөлек, өздерінің жеке қоғамы да бар: оны вегандықтың негізгі идеологтарының бірі Дональд Уотсон құрған. Айтпақшы, "веган" сөзін қолданысқа енгізген де осы адам. Вегандық – вегетериандықтың ең қатал түрлерінің бірі. Бұлардың қатарына қосылғысы келетіндердің мынаны есте сақтағаны жөн: веган болу үшін еттен ғана бас тартпайсыз, жұмыртқа, сүт тағамдары, бал және басқа да жануар өнімдерін аузыңызға алмауға тиіссіз. Сонымен бірге тері, жүн, жібектен тігілген киімдерді ұмытасыз. Жануарлар арқылы сынақтан өткен бүкіл өнім мен дәрі-дәрмекке тыйым салынады. Ең танымал вегандар — Клинт Иствуд, Натали Портман, Моби, Лени Кравец, Пол МакКартни, Брайан Адамс және т.б.
Бүгін – Кофе қалдығымен бал ашу күні. Күнделікті кофе ішпесе тұра алмайтын жандар аз емес. Бірақ хош иісті сусынға әбден қанған соң, неге болашаққа болжам жасап көрмеске? Кім біледі, ерекше өрнектер алдағы өміріңіз туралы хабар беретін шығар. Бір қызығы, Ресейде Петр І кофені алғаш елге алып келген сәттен бастап бал ашу әдеті пайда болды. Әсіресе байлар қатты сеніп, болашағын білу үшін сығандарды үйлеріне шақыратын болған.
Ұйымдастыру қабілетіңіз жоғары, біліміңіз мол, ойыңыз жүйрік болса, бүгін сіздің төл мерекеңіз – Менеджер күні. Бұл бейресми мереке ТМД елдерінің көпшілігінде аталып өтеді. Ештеңеден жасқанбай идеяңызды іске асырыңыз, бәлкім, басшылық бұл дарыныңызды байқап, тасыңыз өрге домалайтын шығар.
1 қарашада әлемде қандай тарихи оқиғалар болды
1520 жылы Магеллан бұғазы ашылды;
1570 жылы Солтүстік теңізде "Барлық әулиелер күні" су тасқыны болды. Апат салдарынан 20 000-нан астам адам қаза тапты. Нидерландының жағалау аймақтары қатты зардап шекті.
1800 жылы Джон Адамс АҚШ президенттерінің арасында кейіннен Ақ үй деп аталған Атқарушы резиденцияда тұрған алғашқы президент болды;
1894 жылы Ресейдің соңғы императоры ІІ Николай таққа отырды;
1897 жылы "Ювентус" итальян футбол клубы құрылды;
1993 жылы Еуропалық одақ ресми құрылды;
1990 жылы адам құқығы бойынша Еуропалық соттың негізі қаланды.
1 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1992 жылы бұрынғы Түркістан әскери округының 32-ші әскері құрамалары мен бөлімшелерінің базасында Қазақстандағы алғашқы әскери корпус құрылды, штабы Семейде орналасты. Кейін оның базасында Шығыс әскери округі жасақталды. Ол 2003 жылғы 13 қарашада қазіргі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы болып қайта құрылды;
1996 жылы Алматыда "Айналайын" бірінші халықаралық жас дарын фестивалінің ашылуы болды;
2005 жылы Қызылорда облысындағы көне заман тұрақтарындағы қазба жұмыстары кезінде бірегей заттар табылды;
2005 жылы Қарағандыда кеңестік кезеңнен кейін алғаш рет "Ашық Азия – ашық музей" І Орталық Азия музей фестивалі өтті;
2017 жылы ЮНЕСКО бас директорының шешімімен Алматы ЮНЕСКО Шығармашылық қалалары желісінің мүшелігіне қабылданды.
1 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар
1758 жылы итальян мүсіншісі, ХІХ ғасырдың еуропалық академиялық мүсін өнерінің өкілі Антонио Канова дүниеге келді;
1911 жылы кеңестік театр және кино актері Сергей Столяров дүниеге келді (фильмдері: "Цирк", "Руслан и Людмила", "Василиса Прекрасная", "Кащей Бессмертный");
1923 жылы танымал кеңестік кинорежиссер әрі сценарист Сергей Микаэлян дүниеге келді. Фильмдері: "Влюблен по собственному желанию", "Иду на грозу", "Принимаю бой", "Вдовы";
1960 жылы америкалық кәсіпкер, миллиардер, Apple компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, бұрынғы бас директоры Тим Кук дүниеге келді;
1973 жылы үнді актрисасы әрі фотомодель Айшвария Рай дүниеге келді. 1994 жылғы Әлем аруы.
1 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді
1933 жылы ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, заң ғылымдарының докторы Мұрат Баймаханов дүниеге келді;
1936 жылы Қазақстанның халық әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті композитор Базарбай Жұманиязов дүниеге келді;
1949 жылы жазушы, драматург, Қазақстан журналистер одағының Қазыбаев атындағы сыйлығының иегері Сейілғазы Әбдікәрімов дүниеге келді;
1974 жылы танымал балуан, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Берік Деңгелбаев дүниеге келді;
1985 жылы спортшы, зілтемірші Майя Манеза дүниеге келді.