Жел күшейіп, тұман түседі: ертең ауа райы қандай болады

© Sputnik / Санат ИмангалиевОсень в Астане
Осень в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2026
Жазылу
Бірнеше облыста үсік жүреді деп болжанып отыр
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қазгидромет 1 қарашаға ауа райы болжамын ұсынды.
Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысында, Жетісу облысында, Қызылорда облысының солтүстігінде 1-8 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Павлодар облысында дауыл салдарынан екі әйел жарақат алды
Жаңалықтар
0