Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский АҚШ-тан PAC-3 зымырандарын жеткізу мерзімін қайта қарауды сұрады

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2026
Жазылу
АҚШ зымырандарды Украинаға бірнеше жылдан кейін ғана жеткізуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Киевке PAC-3 зымырандарын тек бірнеше жылдан кейін жеткізуге дайын екенін айта келе, Вашингтонды бұл мерзімді қайта қарауға шақырды.

"Алдағы қыста бұл өте тиімді қорғаныс пакеті болар еді. Алайда АҚШ зымырандарды Украинаға бірнеше жылдан кейін ғана жеткізуді жоспарлап отыр", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ Зеленский серіктес елдерді бұл мәселенің шешімін табуға шақырды. Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа елдерінің қару-жарақ қоймаларында жеткілікті көлемде қару қоры бар.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған 500 PAC-3 зениттік зымыранын ықтимал сатуды мақұлдаған болатын.
Здание Государственного департамента США - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинаға Patriot жүйесіне арналған 500 зымыран сатуды мақұлдады
Жаңалықтар
0