Солтүстік Қазақстанға Австралиядан асыл тұқымды қой алғаш рет жеткізілді

© Photo : Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіСолтүстік Қазақстанға Австралиядан ет бағытындағы асыл тұқымды қой алғаш рет жеткізілді
Солтүстік Қазақстанға Австралиядан ет бағытындағы асыл тұқымды қой алғаш рет жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2026
Жазылу
Жыл соңына дейін өңірге барлығы 1 500 бас асыл тұқымды қой әкелу жоспарланған
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысына Австралиядан ет бағытындағы асыл тұқымды қой алғаш рет әкелінді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Австралиялық ақ қой және дорпер тұқымдарының 655 басы Ғ.Мүсірепов атындағы аудандағы "Eco Lamb" ЖШС-не жеткізілді.
"Шаруашылықта асыл тұқымды қой өсіретін репродуктор ашу жоспарланып отыр. Ол фермерлерді өнімділігі жоғары төлмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін өңірге барлығы 1 500 бас асыл тұқымды қой әкелу жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері Дания, Германия, Нидерланд, Ресей және Австралиядан 4 565 бас асыл тұқымды ірі қара әкелінді. Соның ішінде Австралиядан алғаш рет тікелей жеткізілген 638 бас абердин-ангус тұқымды ірі қара бар. Жыл соңына дейін әкелінетін асыл тұқымды ірі қара санын 10 758 басқа жеткізу көзделіп отыр.
Ет бағытындағы мал шаруашылығында жалпы құны 16 млрд теңге болатын 23 инвестициялық жоба қалыптастырылды. Жобаларды іске асыру үшін "Береке" және "Игілік" бағдарламалары бойынша жылдық 6 пайызбен жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған.
Қазақстанда асыл тұқымды мал басы толықтырылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2026
Қазақстанда асыл тұқымды мал басы толықтырылып жатыр
Жаңалықтар
0