https://sputnik.kz/20261031/qazaqstanda-zhyl-sayyn-qaterli-isikten-13-mynga-zhuyq-adam-koz-zhumady-68097490.html
Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктен 13 мыңға жуық адам көз жұмады
Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктен 13 мыңға жуық адам көз жұмады
Sputnik Қазақстан
Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді 31.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-31T09:00+0500
2026-10-31T09:00+0500
2026-10-31T09:00+0500
қатерлі ісік
сүт безінің қатерлі ісігі
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1b/37039077_0:66:3072:1794_1920x0_80_0_0_73bbca45f2e2ba8ba1d7bf5407b40551.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктен 13 мыңға жуық адам көз жұмады. Дегенмен соңғы бірнеше жылда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеген. Бұл туралы Finprom.kz жазды.Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2021–2025 жылдар аралығында қатерлі ісіктен қайтыс болғандар саны 13,7 мыңнан 12,7 мың адамға дейін азайған.Өткен жылы онкологиялық аурулардан көз жұмғандардың басым бөлігі Алматы, Қарағанды облысы және Астана қаласына тиесілі болды. Ал өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Мұнда 100 мың тұрғынға шаққанда 113 өлім жағдайынан келген. Абай облысында бұл көрсеткіш 112,8, Ақмола облысында 94,1 болды.Өңірлер арасында өсім көрсеткіші әртүрлі. Ұлытау облысында ол 0,5% болса, Астанада 11,4%-ды құраған. Алматыда онкологиялық есепте тұрғандар саны 7,7%-ға артқан. Ірі қалалардағы өсім жоғары технологиялық медициналық көмектің шоғырлануына, жаңа жағдайларды белсенді анықтауға және онкологиялық мекемелер желісінің дамуына байланысты болуы мүмкін.Қатерлі ісік қай сатыда анықталады?Жаңа анықталған қатерлі ісік жағдайларының 82%-ы I, II және III сатыларда тіркеледі. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгермеген.Ал аурудың IV сатысында анықталған жаңа жағдайлардың үлесі 2021 жылдан бері 12,6%-дан 11,5%-ға дейін төмендеген.Қазақстанда қандай қатерлі ісік түрлері жиі кездеседі?Статистикаға сәйкес, елде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың қатарында:Ал сирек кездесетін түрлеріне ерін қатерлі ісігі (0,3%) және көмей қатерлі ісігі (1%) жатады.
https://sputnik.kz/20260712/alemde-zhyl-sayyn-20-mln-adam-qaterli-isikke-shaldygady-64852537.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1b/37039077_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_3cd456804d1a6a0c599afa3d13c14197.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қатерлі ісік, сүт безінің қатерлі ісігі, қазақстан
қатерлі ісік, сүт безінің қатерлі ісігі, қазақстан
Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктен 13 мыңға жуық адам көз жұмады
Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктен 13 мыңға жуық адам көз жұмады. Дегенмен соңғы бірнеше жылда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеген. Бұл туралы Finprom.kz жазды.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2021–2025 жылдар аралығында қатерлі ісіктен қайтыс болғандар саны 13,7 мыңнан 12,7 мың адамға дейін азайған.
Өткен жылы онкологиялық аурулардан көз жұмғандардың басым бөлігі Алматы, Қарағанды облысы және Астана қаласына тиесілі болды. Ал өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Мұнда 100 мың тұрғынға шаққанда 113 өлім жағдайынан келген. Абай облысында бұл көрсеткіш 112,8, Ақмола облысында 94,1 болды.
"Сонымен қатар қатерлі ісік анықталған науқастар саны да артып келеді. Министрліктің мәліметінше, 2025 жылы онкологиялық диспансерлік есепте тұрған науқастардың жалпы саны 246,1 мың адамға жеткен. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,6%-ға көп", - деп жазды басылым.
Өңірлер арасында өсім көрсеткіші әртүрлі. Ұлытау облысында ол 0,5% болса, Астанада 11,4%-ды құраған. Алматыда онкологиялық есепте тұрғандар саны 7,7%-ға артқан. Ірі қалалардағы өсім жоғары технологиялық медициналық көмектің шоғырлануына, жаңа жағдайларды белсенді анықтауға және онкологиялық мекемелер желісінің дамуына байланысты болуы мүмкін.
Қатерлі ісік қай сатыда анықталады?
Жаңа анықталған қатерлі ісік жағдайларының 82%-ы I, II және III сатыларда тіркеледі. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгермеген.
Ал аурудың IV сатысында анықталған жаңа жағдайлардың үлесі 2021 жылдан бері 12,6%-дан 11,5%-ға дейін төмендеген.
Қазақстанда қандай қатерлі ісік түрлері жиі кездеседі?
Статистикаға сәйкес, елде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың қатарында:
сүт безінің қатерлі ісігі – 13,5%;
тері қатерлі ісігі – 9,7%;
тыныс алу жүйесінің қатерлі ісігі – 9,3%.
Ал сирек кездесетін түрлеріне ерін қатерлі ісігі (0,3%) және көмей қатерлі ісігі (1%) жатады.