https://sputnik.kz/20261031/eskilikti-radikalizmdi-nasikhattaytyndarga-qatan-tosqauyl-qoyu-kerek--qarin-68100013.html
Ескілікті, радикализмді насихаттайтындарға қатаң тосқауыл қою керек – Қарин
Ескілікті, радикализмді насихаттайтындарға қатаң тосқауыл қою керек – Қарин
Sputnik Қазақстан
Халық арасында еңбекқорлық, білім, ғылым және прогресс секілді жасампаз құндылықтарды дәріптеу өте маңызды 31.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-31T09:36+0500
2026-10-31T09:36+0500
2026-10-31T09:36+0500
ерлан қарин
діни радикализм
радикалды топтар
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/19/59923380_0:208:2269:1484_1920x0_80_0_0_3a662c3cd978d4adadde292b99f643d5.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Ескілікті, тоғышарлықты, радикализмді насихаттайтын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек. Бұл туралы вице-президент Ерлан Қарин ішкі саясат мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте айтты, деп хабарлайды Ақорда.Вице-президент прогрессивті конституциялық құндылықтарды одан әрі ілгерілетіп, қоғамдық санада орнықтыру қажет екенін атап өтті.Оның пайымдауынша, цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдануға негізделген жаңа экономикаға сай мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру қажет.Кеңес барысында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық бірлестіктермен және сарапшылармен ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық, ақпараттық, отбасы және жастар саясатындағы басымдықтар қаралды.
https://sputnik.kz/20260222/zhana-konstitutsiya-el-orkendeuinin-zhana-vektoryn-belgileydi--qarin-61355618.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/19/59923380_7:0:2262:1691_1920x0_80_0_0_2a8e26853a4b4a84aed0c8a5cfa6e68f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан қарин, діни радикализм, радикалды топтар
ерлан қарин, діни радикализм, радикалды топтар
Ескілікті, радикализмді насихаттайтындарға қатаң тосқауыл қою керек – Қарин
Халық арасында еңбекқорлық, білім, ғылым және прогресс секілді жасампаз құндылықтарды дәріптеу өте маңызды
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Ескілікті, тоғышарлықты, радикализмді насихаттайтын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек. Бұл туралы вице-президент Ерлан Қарин ішкі саясат мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Вице-президент прогрессивті конституциялық құндылықтарды одан әрі ілгерілетіп, қоғамдық санада орнықтыру қажет екенін атап өтті.
"Елімізде елеулі өзгерістер болып жатыр. Қоғамдық өмірдің барлық саласы жаңғыруда. Сондықтан халық арасында еңбекқорлық, білім, ғылым және прогресс секілді жасампаз құндылықтарды дәріптеу өте маңызды. Сонымен қатар ескілікті, тоғышарлықты, радикализмді насихаттайтын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек. Көпшілік ортада арагідік ұшырасатын түрлі шектен тыс әрекеттер мен мәдениетсіздікке адамдардың өзі қарсы екенін көріп жүрміз. Бұл қоғам мәдениеті мен құндылықтардың өзгере бастағанын білдіреді", – деді Ерлан Қарин.
Оның пайымдауынша, цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдануға негізделген жаңа экономикаға сай мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру қажет.
"Сондықтан мемлекеттің сервистік моделінің тетіктерін, атап айтқанда, халықпен кері байланыс орнатуға арналған ақпараттық жүйелерді жетілдіру ісін жеделдеткен жөн. Орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің барлық байланыс орталықтарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіру маңызды міндетке айналып отыр", – деді Ерлан Қарин.
Кеңес барысында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық бірлестіктермен және сарапшылармен ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық, ақпараттық, отбасы және жастар саясатындағы басымдықтар қаралды.