https://sputnik.kz/20261031/balagat-sozder-zhazyp-qoygan-astanada-zhurgizushi-10-taulikke-qamaldy-68108447.html
Балағат сөздер жазып қойған: Астанада жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Балағат сөздер жазып қойған: Астанада жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Sputnik Қазақстан
Сот ер адамның әрекетін айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзу деп таныды 31.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-31T18:06+0500
2026-10-31T18:06+0500
2026-10-31T18:07+0500
сот
балағат сөз
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астанада көлігіне балағат сөздер жазып қойған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлады мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың баспасөз қызметі. Соттың мәліметінше, оқиға 28 қазанда сағат 21:00 шамасында жанармай құю станцияларының бірінде болған. И. есімді азамат "Toyota Camry" маркалы автокөлікке айналасындағыларға көрінетін балағат сөздер жазып қойған. Көліктің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.Сот ер адамның әрекетін айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзу деп таныды. Құқық бұзушылық фактісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және іс материалдарымен расталған.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.Істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады."Жаза тағайындау кезінде сот істің мән-жайын, құқық бұзушылықтың сипаты мен дәрежесін, сондай-ақ құқық бұзушының жеке басын және оның құқық бұзушылыққа дейінгі әрі одан кейінгі мінез-құлқын ескерді. Сот аталған әрекеттің қоғамға теріс әсерін тигізетінін, қоғамға құрметсіздік танытуға бағытталғанын және әдепсіз мінез-құлықтан көрініс тапқанын назарға алды", - делінген хабарламада. Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260818/astanada-taksi-zhurgizushisine-balagat-soz-aytqan-er-adam-qamauga-alyndy-65793813.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, балағат сөз
Балағат сөздер жазып қойған: Астанада жүргізуші 10 тәулікке қамалды
18:06 31.10.2026 (жаңартылды: 18:07 31.10.2026) Сот ер адамның әрекетін айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзу деп таныды
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астанада көлігіне балағат сөздер жазып қойған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлады мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың баспасөз қызметі.
Соттың мәліметінше, оқиға 28 қазанда сағат 21:00 шамасында жанармай құю станцияларының бірінде болған. И. есімді азамат "Toyota Camry" маркалы автокөлікке айналасындағыларға көрінетін балағат сөздер жазып қойған. Көліктің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.
Сот ер адамның әрекетін айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзу деп таныды. Құқық бұзушылық фактісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және іс материалдарымен расталған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.
Істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
"Жаза тағайындау кезінде сот істің мән-жайын, құқық бұзушылықтың сипаты мен дәрежесін, сондай-ақ құқық бұзушының жеке басын және оның құқық бұзушылыққа дейінгі әрі одан кейінгі мінез-құлқын ескерді. Сот аталған әрекеттің қоғамға теріс әсерін тигізетінін, қоғамға құрметсіздік танытуға бағытталғанын және әдепсіз мінез-құлықтан көрініс тапқанын назарға алды", - делінген хабарламада.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.