https://sputnik.kz/20261030/toqaev-turki-elderinin-galymdaryn-yasaui-khalyqaralyq-forumyna-atsalysuga-shaqyrdy-68090661.html
Тоқаев түркі елдерінің ғалымдарын Ясауи халықаралық форумына атсалысуға шақырды
Тоқаев түркі елдерінің ғалымдарын Ясауи халықаралық форумына атсалысуға шақырды
Sputnik Қазақстан
Президент түркі әлемінің тарихында Алтайдың алатын орны ерекше екенін айтып 30.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-30T14:51+0500
2026-10-30T14:51+0500
2026-10-30T14:51+0500
президент
түркия
түркі мемлекеттері ұйымы
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/1e/68089243_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_9ed372890f0cf8447362b81d3ce95ecb.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөйлеген сөзінде түркі елдерінің ғалымдарын Ясауи халықаралық форумына атсалысуға шақырды.Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселесі де әріптестіктің маңызды бағытының бірі екенін айтты.Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымға қарасты құрылымдар да іргелі істер атқарып жатқанын айтты.Президент түркі әлемінің тарихында Алтайдың алатын орны ерекше екенін айтып, биыл Қазақстанда "Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық фестивалі жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді."ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ. Біз осы бастама аясында түркі өркениетінің рухани үндестігі мен сабақтастығын сақтауға ықпал ететін ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, әдебиет пен тіл мәселесіне арналған Қожа Ахмет Ясауи халықаралық форумын, сондай-ақ Түркі және ислам әлемі мұражай ісі мамандарының жиынын өткіземіз. Ғалымдарымызды осы іс-шараларға белсене атсалысуға шақырамыз", – деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20261030/toqaev-reseyge-turki-memleketteri-uyymyna-baqylaushy-retinde-qosyluyn-usyndy-68089885.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/1e/68089243_104:0:1177:805_1920x0_80_0_0_e716d173d60f09937128ad66e67b2bf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, түркия, түркі мемлекеттері ұйымы
президент, түркия, түркі мемлекеттері ұйымы
Тоқаев түркі елдерінің ғалымдарын Ясауи халықаралық форумына атсалысуға шақырды
Президент түркі әлемінің тарихында Алтайдың алатын орны ерекше екенін айтып
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөйлеген сөзінде түркі елдерінің ғалымдарын Ясауи халықаралық форумына атсалысуға шақырды.
Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселесі де әріптестіктің маңызды бағытының бірі екенін айтты.
"Қазақстан түркі халықтарының тарихи мұрасын зерделеу, сақтау және дәріптеу ісіне айрықша көңіл бөледі. Мен биыл Түркістанда өткен басқосуда Түркі өркениеті орталығын және дала өркениетін дәріптеуге арналған "Мәңгілік ел" орталығын құруды ұсындым. Қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деді ол.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымға қарасты құрылымдар да іргелі істер атқарып жатқанын айтты.
Президент түркі әлемінің тарихында Алтайдың алатын орны ерекше екенін айтып, биыл Қазақстанда "Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық фестивалі жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді.
"ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ. Біз осы бастама аясында түркі өркениетінің рухани үндестігі мен сабақтастығын сақтауға ықпал ететін ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, әдебиет пен тіл мәселесіне арналған Қожа Ахмет Ясауи халықаралық форумын, сондай-ақ Түркі және ислам әлемі мұражай ісі мамандарының жиынын өткіземіз. Ғалымдарымызды осы іс-шараларға белсене атсалысуға шақырамыз", – деді мемлекет басшысы.