https://sputnik.kz/20261030/slovakiya-prokuraturasy-ukrainaga-qaru-beru-isine-qatysty-tergeudi-qayta-bastamaq-68091868.html
Словакия прокуратурасы Украинаға қару беру ісіне қатысты тергеуді қайта бастамақ
Словакия прокуратурасы Украинаға қару беру ісіне қатысты тергеуді қайта бастамақ
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Еуропарламент депутаты Бас прокуратураны айқын ұрлықты жасыруға тырысып отыр деп айыптаған еді 30.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-30T15:32+0500
2026-10-30T15:32+0500
2026-10-30T15:32+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/old/1006/59/10065969_0:104:2048:1256_1920x0_80_0_0_ac9924db1209131db150561587d7afab.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Словакияның бас прокуроры Марош Жилинка елдің бұрынғы билігі тұсында Украинаға әскери техниканың берілуіне қатысты істер бойынша тергеуді қайта бастауды тапсырды. Оның пікірінше, аталған істерді жабу туралы шешім мерзімінен бұрын қабылданған.Бұған дейін, қыркүйек айында, Словакия Бас прокуратурасы республиканың бұрынғы басшылығының Украинаға МиГ-29 жойғыш ұшақтары мен С-300 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін беруіне қатысты істердің жабылуын заңды деп таныған болатын. Сол кезде Словакиядан сайланған Еуропарламент депутаты Любош Блага Бас прокуратураны елге келтірілген зиянға көз жұма қарап, айқын ұрлықты жасыруға тырысып отыр деп айыптаған еді.Оның айтуынша, материалдарды зерделей келе, істерді жабу туралы шешімнің мерзімінен бұрын қабылданғаны жөнінде қорытындыға келген.Ақпан айында прокурор Растислав Ремета Словакияның бұрынғы басшылығының Украинаға МиГ-29 жойғыш ұшақтары мен С-300 жүйесін беруіне қатысты істердің жабылғанын хабарлаған болатын. Оның түсіндіруінше, республикаға материалдық залал келтірілгені дәлелденбеген. Сондай-ақ әскери техниканың қызмет ету мерзімі аяқталған және оны күтіп ұстауға қажетті ресурстар болмаған.Сол кезде Словакия премьер-министрі Роберт Фицо бұл шешімді саяси астары бар әрекет деп атады. Оның пікірінше, прокуратура әскери техниканы Украинаға беру туралы шешім қабылдаған елдің бұрынғы басшылығын қорғауға тырысқан.
https://sputnik.kz/20260827/shvetsiya-ukrainaga-qaru-zharaq-satyp-aluga-qosymsha-14-million-dollar-boldi-66155454.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1006/59/10065969_118:0:1931:1360_1920x0_80_0_0_c4572953a38fe533f23d2f49cc1d91dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Словакия прокуратурасы Украинаға қару беру ісіне қатысты тергеуді қайта бастамақ
Бұған дейін Еуропарламент депутаты Бас прокуратураны айқын ұрлықты жасыруға тырысып отыр деп айыптаған еді
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Словакияның бас прокуроры Марош Жилинка елдің бұрынғы билігі тұсында Украинаға әскери техниканың берілуіне қатысты істер бойынша тергеуді қайта бастауды тапсырды. Оның пікірінше, аталған істерді жабу туралы шешім мерзімінен бұрын қабылданған.
Бұған дейін, қыркүйек айында, Словакия Бас прокуратурасы республиканың бұрынғы басшылығының Украинаға МиГ-29 жойғыш ұшақтары мен С-300 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін беруіне қатысты істердің жабылуын заңды деп таныған болатын. Сол кезде Словакиядан сайланған Еуропарламент депутаты Любош Блага Бас прокуратураны елге келтірілген зиянға көз жұма қарап, айқын ұрлықты жасыруға тырысып отыр деп айыптаған еді.
"Мен әскери техниканы беру фактілеріне қатысты істер бойынша тергеуді қайта бастауды тапсырдым", – деп жазды Жилинка әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, материалдарды зерделей келе, істерді жабу туралы шешімнің мерзімінен бұрын қабылданғаны жөнінде қорытындыға келген.
Ақпан айында прокурор Растислав Ремета Словакияның бұрынғы басшылығының Украинаға МиГ-29 жойғыш ұшақтары мен С-300 жүйесін беруіне қатысты істердің жабылғанын хабарлаған болатын. Оның түсіндіруінше, республикаға материалдық залал келтірілгені дәлелденбеген. Сондай-ақ әскери техниканың қызмет ету мерзімі аяқталған және оны күтіп ұстауға қажетті ресурстар болмаған.
Сол кезде Словакия премьер-министрі Роберт Фицо бұл шешімді саяси астары бар әрекет деп атады. Оның пікірінше, прокуратура әскери техниканы Украинаға беру туралы шешім қабылдаған елдің бұрынғы басшылығын қорғауға тырысқан.