https://sputnik.kz/20261030/oqushylary-zhappay-ulangan-mekteptin-tort-qyzmetkerinen-stafilokokk-bakteriyasy-anyqtaldy-68094924.html
Оқушылары жаппай уланған мектептің төрт қызметкерінен стафилококк бактериясы анықталды
Оқушылары жаппай уланған мектептің төрт қызметкерінен стафилококк бактериясы анықталды
Sputnik Қазақстан
Интернатта, оқу корпусында және асханада қорытынды дезинфекция жүргізілді 30.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-30T16:28+0500
2026-10-30T16:28+0500
2026-10-30T16:28+0500
алматы
мектеп
улану
https://sputnik.kz/img/368/99/3689977_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_b8b39ae1848582d50e824fb98ae0155a.jpg
АЛМАТЫ, 30 қазан - Sputnik. Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде 4 қызметкерден Staphylococcus aureus бактериясы анықталды, деп хабарлайды Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.Оқушылардың жаппай улануы фактісі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасып жатыр.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі хаттама толтырылды. "MasterFood" ЖШС асханасы мен РФММ мектеп-интернатының қызметі 60 тәулік мерзімге тоқтатылды.Еске сала кетейік, 14 қазанда аталған мектепте 58 оқушы уланып, ауруханаға түсті. Араға бір апта салып оқушылар ауруханадан шықты.
https://sputnik.kz/20261022/almatyda-ulangan-58-oqushy-aurukhanadan-shyqty-67858988.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/368/99/3689977_342:0:3071:2047_1920x0_80_0_0_b57e60e31f4148f0281f403e57399af9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, мектеп, улану
Оқушылары жаппай уланған мектептің төрт қызметкерінен стафилококк бактериясы анықталды
Интернатта, оқу корпусында және асханада қорытынды дезинфекция жүргізілді
АЛМАТЫ, 30 қазан - Sputnik. Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде 4 қызметкерден Staphylococcus aureus бактериясы анықталды, деп хабарлайды Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Оқушылардың жаппай улануы фактісі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
"Зертханалық зерттеулер нәтижесінде жекелеген тағам сынамаларынан микробтық ластану анықталды, сондай-ақ дезинфекциялау талаптарының бұзылғаны белгілі болды. Ас блогының төрт қызметкерінен Staphylococcus aureus бактериясы анықталды. Олар уақытша жұмыстан шеттетілді", - дейді департамент.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі хаттама толтырылды. "MasterFood" ЖШС асханасы мен РФММ мектеп-интернатының қызметі 60 тәулік мерзімге тоқтатылды.
"Қазіргі уақытта инфекция ошағы оқшауланды. Ауруханаға жатқызылған 58 науқастың барлығы қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды. Медициналық бақылауда болған 961 адамнан ауру анықталған жоқ. Интернатта, оқу корпусында және асханада қорытынды дезинфекция жүргізілді", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Еске сала кетейік, 14 қазанда аталған мектепте 58 оқушы уланып, ауруханаға түсті. Араға бір апта салып оқушылар ауруханадан шықты.