Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мелания Трамп Ресей мен Украина атысты тоқтату келісімін сақтағанын мәлімдеді

© РИА Новости КрымОлешки қаласы
Олешки қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2026
Жазылу
Атысты тоқтату режимі 80 сағатқа созылды
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Ресей мен Украина Олешки қаласында гуманитарлық операция өткізу үшін атысты тоқтату туралы келісімді толық сақтағанын мәлімдеді.

"Атысты тоқтату режимі 80 сағатқа созылды. Ресейлік және украиналық гуманитарлық топтар Олешки қаласында жүр. Олар гуманитарлық көмек жеткізіп, бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға арналған көлік керуенін әзірлеп жатыр. Бұл үйлестірілген іс-қимылдар Ресей мен Украина арасында қол жеткізілген келісімдерге толық сәйкес жүзеге асырылып жатыр", – деп жазды АҚШ-тың бірінші ханымы жұма күні X әлеуметтік желісінде.

Алешки қаласы Днепр өзенінің сол жағалауында, Херсон қаласына қарама-қарсы орналасқан. Қалада күрделі гуманитарлық жағдай қалыптасқан.
Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина бойынша қақтығыстағы екі тарап та бейбітшілік орнатқысы келеді - Трамп
Жаңалықтар
0