Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді

© Photo : Алматы облысының әкімдігіАлматыда Іле өзеніне 150 мыңнан астам шабақ жіберілді
Алматыда Іле өзеніне 150 мыңнан астам шабақ жіберілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2026
Жазылу
Өзенге жіберілген шабақтардың 8 мыңы – салмағы кемінде 150 грамм болатын бір жылдық балықтар
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді, деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.
Балықтандыру жұмыстары 29-30 қазан күндері облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды.
"Шара Жаңасемей ауданына қарасты Крупское ауылы маңында өтті. Өзенге жіберілген шабақтардың 8 мыңы – салмағы кемінде 150 грамм болатын бір жылдық балықтар, ал 14 мыңы – биыл өсірілген, салмағы кемінде 20 грамм болатын шабақтар", - деп жазылған хабарламада.
Балықтандыру жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округінде орналасқан "Ost Fish" ЖШС балық өсіру кәсіпорнының қатысуымен жүзеге асырылды.
Сібір бекіресі – су экожүйесі үшін маңызы зор, қорғауды және табиғи популяциясын қалпына келтіруді қажет ететін бағалы балық түрі.
Алматыда Іле өзеніне 150 мыңнан астам шабақ жіберілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
Алматыда Іле өзеніне 150 мыңнан астам шабақ жіберілді
Жаңалықтар
0