Атырауда мұнай өңдеу зауытынан шыққан қара түтін тұрғындарды алаңдатты

Объекты АНПЗ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2026
Жазылу
Кәсіпорын қондырғы жұмысында ақау немесе төтенше жағдай болмағанын хабарлады
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Атырау тұрғындары мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан шыққан қою қара түтінге шағымданып, қаладағы ауа сапасына алаңдаушылық білдірді. Кәсіпорын өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Зауыттың баспасөз қызметінің мәліметінше, кешкі уақытта қондырғыдан шыққан қою бу қара түтінге ұқсап көрінуі мүмкін. Кәсіпорын өкілдері мұны жарықтың түсу ерекшелігімен түсіндірді.
"Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жабдықтың жұмысында авариялық жағдайлар мен технологиялық ауытқулар тіркелген жоқ", – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Зауыт өкілдері тұрғындар байқаған қою түтіннің су буы екенін мәлімдеді.
 Ерлан Нысанбаев Атырау мұнай өңдеу зауытына жұмыс сапарымен барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2026
Атырау мұнай өңдеу зауытының зиянды шығарындылары 22%-ға азайды – Экология министрлігі
Жаңалықтар
0