ҰҚК Жаңаөзеннің бұрынғы әкіміне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

© Sputnik / Абзал КалиевУголовное дело
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2026
Жазылу
Алайда қандай айып тағылғаны жөнінде ақпарат бермеді
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде экс-әкімнің ұсталғаны және оның адам ұрлау оқиғасына қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Алайда ҰҚК Қайнарбаевтың ұсталғаны туралы мәліметті растаған жоқ. Сондай-ақ оған қандай айып тағылғаны жөнінде ақпарат бермеді.
Жансейіт Қайнарбаев 2024 жылдың ақпанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін атқарған. Кейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалған.
Шакир Кейкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Атырау әкімі қызметінен кетті
Жаңалықтар
0