https://sputnik.kz/20261029/qazaqstanda-dandi-daqyldardy-teren-ondeu-quaty-zhylyna-58-mln-tonnaga-deyin-artady-68069324.html
Қазақстанда дәнді дақылдарды терең өңдеу қуаты жылына 5,8 млн тоннаға дейін артады
Қазақстанда дәнді дақылдарды терең өңдеу қуаты жылына 5,8 млн тоннаға дейін артады
Sputnik Қазақстан
2029 жылға дейін дәнді дақылдарды өңдеу бойынша алты ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған 29.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-29T19:06+0500
2026-10-29T19:06+0500
2026-10-29T19:06+0500
астық
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/08/02/56122100_0:52:1081:660_1920x0_80_0_0_65d51924f0800f5bfe63d6cf49cd206b.jpg
АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2029 жылға қарай дәнді дақылдарды терең өңдеу қуатын жылына 5,8 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды үкімет.2029 жылға дейін дәнді дақылдарды өңдеу бойынша алты ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен бір мезгілде тауар-сүт фермаларының құрылысы және толық циклді алты ет кластерін қалыптастыру жұмыстары жалғасуда.Жаңа өндірістерді құрумен қатар оларды шикізатпен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және жобалық қуаттарға шығу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.Мал шаруашылығында жалпы қуаты жылына 600 мың тоннадан асатын тауар-сүт фермаларының 99 жобасы қаржыландырылды. Осы жылдың соңына дейін іске қосылған фермаларды жобалық қуатының 70%-на, ал келесі жылы толық қуатына шығару жоспарлануда. Оған қосымша 130 мың басты бордақылап, 26 мың тонна ет өндіруді көздейтін алты ет кластерін іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
https://sputnik.kz/20261018/qazaqstannyn-astyq-eksporty-ulgaydy-67684908.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/02/56122100_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_5be1d8838d05b9d365a991afb6eeed1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, қазақстан
Қазақстанда дәнді дақылдарды терең өңдеу қуаты жылына 5,8 млн тоннаға дейін артады
2029 жылға дейін дәнді дақылдарды өңдеу бойынша алты ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған
АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2029 жылға қарай дәнді дақылдарды терең өңдеу қуатын жылына 5,8 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды үкімет.
2029 жылға дейін дәнді дақылдарды өңдеу бойынша алты ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен бір мезгілде тауар-сүт фермаларының құрылысы және толық циклді алты ет кластерін қалыптастыру жұмыстары жалғасуда.
"2029 жылға дейін крахмал, глютен, биоэтанол, амин қышқылдары және басқа да өнімдерді шығару бойынша жылына 5,8 млн тонна шикізатты қайта өңдеу мүмкіндігіне ие алты ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Алғашқы нәтижелер қазірдің өзінде бар: биыл Түркістан облысында "Қазқрахмал" зауыты, Жамбыл облысында Fufeng Group компаниясының жобасы іске қосылды", - деді үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Жаңа өндірістерді құрумен қатар оларды шикізатпен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және жобалық қуаттарға шығу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Мал шаруашылығында жалпы қуаты жылына 600 мың тоннадан асатын тауар-сүт фермаларының 99 жобасы қаржыландырылды. Осы жылдың соңына дейін іске қосылған фермаларды жобалық қуатының 70%-на, ал келесі жылы толық қуатына шығару жоспарлануда. Оған қосымша 130 мың басты бордақылап, 26 мың тонна ет өндіруді көздейтін алты ет кластерін іске қосу жұмыстары жүргізілуде.