Видео

"Борат" есімімен танылған шетелдік актер қазақстандықтардан кешірім сұрады

© REUTERS / Phil McCartenСаша Барон Коэн
Саша Барон Коэн - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2026
Жазылу
Айтуынша, Борат кейіпкері үшін Қазақстан елшілігі ресми шағым жолдаған және ол орынды
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. "Борат" есімімен танылған британдық актер Саша Барон Коэн қазақстандықтардан кешірім сұрады.
Актер бұл туралы Happy Sad Confused подкастында айтты.
Ол сұхбатта шын мәнінде Қазақстан халқының қалай сөйлейтінінен бейхабар екенін, "Боратқа" елдің еш қатысы жоғын айтып, кейіпкерге ренжімеуін сұрады.
"Мен алғаш рет Қазақстан халқынан кешірім сұрағым келеді. Себебі Бораттың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ", - деді актер.
Айтуынша, Борат кейіпкері үшін Қазақстан елшілігі ресми шағым жолдаған және ол орынды.
Әлия Әшім  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
"Абай мен Ділдә неткен бөлме" деген блогер халықтан кешірім сұрады
Жаңалықтар
0