Автокөлік жуу орындарының орталықтандырылған ауыз суды пайдалануы шектеледі

© Sputnik / Михаил Безносов / Медиабанкке өтуКөлік жуу орны
Көлік жуу орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2026
Жазылу
Президент Үкімет пен әкімдіктер суды пайдалануға бақылауды күшейтуді тапсырды
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2023 жылғы қыркүйектен бері су саласының негізгі капиталына шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылды, деп мәлімдеді Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
"Осы кезеңде 1,4 мың шақырымнан астам канал, 5 су қоймасы және 8 гидротехникалық құрылыс реконструкцияланды", — деді Нұржан Нұржігітов.
Министрдің мәліметінше қазіргі уақытта 4,6 мың шақырымнан астам ирригациялық желі жаңғыртылуда. Биыл оның 964 шақырымын аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 200 мың гектарға жуық суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады.
Министр ауыз суды ысырап етуге қарсы шаралар жайында да баяндады.
"Заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында автокөлік жуу орындарында технологиялық мақсаттарға орталықтандырылған ауызсуды пайдалануды шектеу бойынша Су кодексіне түзетулер әзірленді", — деді министр.
Еске салайық, кеше президент Қазақстан халқына арнаған жолдауында елімізде су ресурстарының тапшылығын жою үшін жүйелі әрі батыл шаралар қабылдау қажеттігін айтты.
"Үкімет пен әкімдіктер суды пайдалануға бақылауды күшейту керек. Түрлі желідегі, сондай-ақ, көлік жуу орындарындағы су шығынын азайтып, ауыз судың жөнсіз пайдаланылуына жол бермеу қажет. Ауыз суды көлік жууға тұтыну – барып тұрған сорақылық. Судың да сұрауы бар", - деді Тоқаев.
Жайлы мектеп - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2026
Мұғалімдердің ар-намысы мен абырой-беделін қорғау шаралары күшейтіледі
Жаңалықтар
0