Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп: Путин мен Зеленскийдің келіссөзі міндетті түрде бетпе-бет өтуге тиіс емес

© БелТА / Медиабанкке өтуРоссийско-украинские переговоры в Беларуси
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Жазылу
АҚШ президенті мұндай келіссөз жақын арада өтетінін айтты
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің ықтимал үшжақты келіссөзі міндетті түрде бетпе-бет өтуге тиіс емес екенін мәлімдеді.
"Меніңше, бұл кездесу болады. Олар кездесуді қалайды, сондықтан көре жатармыз. Бәлкім, мұны ұйымдастыра алатын шығармыз. Мұны міндетті түрде бетпе-бет кездесу форматында өткізудің қажеті жоқ, басқа жолдармен де жүзеге асыруға болады. Бірақ бұл жақын арада болады деп ойлаймын", - деді Трамп журналистерге.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу арқылы мүмкіндігінше тезірек тоқтатуға мүдделі екенін бірнеше рет мәлімдеген. Ол Мәскеудің келіссөзге дайын екенін атап өткен.
Еуроодақ пен Украина - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
ЕО Ресеймен келіссөз жүргізетін бірнеше адамды тағайындау мәселесін талқылап жатыр
Жаңалықтар
0