https://sputnik.kz/20261028/qazaqstandyq-kasipkerler-ushin-sheteldegi-memlekettik-satyp-aluga-qatysu-zhenildeydi-68043461.html
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін шетелдегі мемлекеттік сатып алуға қатысу жеңілдейді
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін шетелдегі мемлекеттік сатып алуға қатысу жеңілдейді
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық банктердің кепілдіктері одаққа мүше елдерде мойындалып, отандық кәсіпкерлердің шетелдегі мемлекеттік сатып алуға қатысуына мүмкіндік береді 28.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-28T16:19+0500
2026-10-28T16:19+0500
2026-10-28T16:19+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53612800_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_07bb375735d70bfdafc43c9edf5bc127.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Құрылтай депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу жөнінде хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 30 түзету енгізіліп отыр. Негізгі мәселелер:"Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді әдіснамалық тұрғыдан саралау және тосқауылдар мен шектеулерді жойылды деп тану жөніндегі өкілет бекітіледі. Аталған норма комиссия жұмысының бірыңғай тәсілін қалыптастырудың құқықтық негізін айқындайды және елдеріміз арасындағы кедергісіз ортаны қалыптастыруды жақсартуға ықпал етеді", - деді Шаққалиев Құрылтайдың бүгінгі отырысында.Банктік кепілдіктер өзара таныладыХаттамада банктік кепілдіктерді өзара тану тетігі де бекітіледі.Бұдан бөлек, әкелу кедендік баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасу жөніндегі нормалардың қайталануы жойылады. Өйткені мұндай ақпарат алмасу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген. Сондай-ақ комиссияның мүше мемлекеттер ұсынатын ақпаратты пайдалану мақсаттары нақтыланады.Ал бәсекелестік саласында комиссия шешімдері орындалатын аумақтағы мемлекеттің заңнамасын ескере отырып, оларды мәжбүрлеп орындату тәртібі нақтыланады.Айта кетері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары хаттамаға 2025 жылғы 28 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53612800_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5481d70b65beb99f7709dd3e3f921b37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін шетелдегі мемлекеттік сатып алуға қатысу жеңілдейді
Қазақстандық банктердің кепілдіктері одаққа мүше елдерде мойындалып, отандық кәсіпкерлердің шетелдегі мемлекеттік сатып алуға қатысуына мүмкіндік береді
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Құрылтай депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу жөнінде хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 30 түзету енгізіліп отыр. Негізгі мәселелер:
ішкі нарықтың жұмыс істеуі;
көрсетілетін қызметтер саудасы;
"Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді әдіснамалық тұрғыдан саралау және тосқауылдар мен шектеулерді жойылды деп тану жөніндегі өкілет бекітіледі. Аталған норма комиссия жұмысының бірыңғай тәсілін қалыптастырудың құқықтық негізін айқындайды және елдеріміз арасындағы кедергісіз ортаны қалыптастыруды жақсартуға ықпал етеді", - деді Шаққалиев Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Банктік кепілдіктер өзара танылады
Хаттамада банктік кепілдіктерді өзара тану тетігі де бекітіледі.
"Бұл отандық кәсіпкерлерге қазақстандық банктің кепілдігі болған жағдайда одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу нарықтарына шығуға мүмкіндік береді. Бұған дейін басқа мүше мемлекеттер банктерінен кепілдік алу талап етілген", - деп атап өтті министр.
Бұдан бөлек, әкелу кедендік баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасу жөніндегі нормалардың қайталануы жойылады. Өйткені мұндай ақпарат алмасу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген. Сондай-ақ комиссияның мүше мемлекеттер ұсынатын ақпаратты пайдалану мақсаттары нақтыланады.
Ал бәсекелестік саласында комиссия шешімдері орындалатын аумақтағы мемлекеттің заңнамасын ескере отырып, оларды мәжбүрлеп орындату тәртібі нақтыланады.
"Осылайша, енгізілетін өзгерістер қайталанатын ережелерді жоюға, қолданыстағы тетіктерді нақтылауға және Одақ шеңберіндегі жекелеген рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған", - дейді Шаққалиев.
Айта кетері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары хаттамаға 2025 жылғы 28 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойған болатын.