Қазақстан банктері жол инфрақұрылымын дамытуға 700 миллион долларға дейін қаражат бөледі
08:41 28.10.2026 (жаңартылды: 08:52 28.10.2026)

© Photo
Жазылу
Банктер тобы мен "ҚазАвтоЖол" кредит туралы келісімге қол қойды
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" мен қазақстандық банктер синдикаты 700 млн долларға дейінгі сомаға кредиттік келісімге қол қойды, деп хабарлады Үкімет.
Синдикат құрамына Halyk Bank, ЦентрКредит Банкі және Еуразиялық банк кірді.
"Келісім Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) алдындағы "ҚазАвтоЖол"-дың қазіргі қарызын қайта қаржыландыру үшін 700 млн долларға дейінгі сомаға қаржыландыру беруді көздейді", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан банктері жол инфрақұрылымын дамытуға 700 миллион долларға дейін қаражат бөледі
Бұған дейін ұлттық оператор республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жобаларын іске асыру үшін ҚДБ қаражатын тартқан болатын. Жаңа келісімге сәйкес қаржыландыру 2034 жылға дейін беріледі.
Қол жеткізілген уағдаластықтар кредиттік жүктемені қаржы институттары арасында қайта бөлуге және жаңа басым инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін ҚДБ кредиттік лимитінің бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.

Қазақстан банктері жол инфрақұрылымын дамытуға 700 миллион долларға дейін қаражат бөледі
"Бұл жерде сөз жол құрылысына жаңа қарыз алу туралы емес, коммерциялық банктердің қаражаты есебінен ҚДБ алдындағы қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру туралы болып отырғаны аса маңызды. Бұл банк секторының инфрақұрылымды қаржыландыруға қатысуын арттырып қана қоймай, даму институтының ресурстарын жаңа жобаларды іске асыруға бағыттауға мүмкіндік береді", — деді ремьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Екінші деңгейдегі банктерді жол инфрақұрылымын дамытуға тарту ішкі инвестициялық ресурстарды қосымша жұмылдыруға және ірі ұлттық жобалардың мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.
