Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы 28 қазан күні тікелей эфирде өтеді
Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы 28 қазан күні тікелей эфирде өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Жазылу
Президенттің жолдауы сағат 11:00-де басталады
АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, үкіметтің және Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Жаңалықтар
0