Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Жазылу
Қазақстан президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 28-30 қазан күндері Түркия Республикасына ресми сапармен барады.
Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.
Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Қазақстан мен Түркия президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Тоқаев осы аптада Түркияға келеді деп күтіп отырмыз - Ердоған
Жаңалықтар
0