https://sputnik.kz/20261027/bolimshege-zhetkizilgen-turkistanda-politsiya-formasyn-kigen-balanyn-videosy-talqyga-tusti-68014565.html
Әкесі жауапқа тартылды: Түркістанда полиция формасын киген бала жолда көліктерді тоқтатқан
Әкесі жауапқа тартылды: Түркістанда полиция формасын киген бала жолда көліктерді тоқтатқан
Sputnik Қазақстан
Оқиғаға қатысты облыстың полиция департаменті түсініктеме берді 27.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-27T18:30+0500
2026-10-27T18:30+0500
2026-10-27T18:41+0500
түркістан
полиция
жеткіншек
видео
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_0:34:650:400_1920x0_80_0_0_b77b57b1533bdbf5914baf1729ccb10c.jpg
АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Түркістанда полиция формасын киіп, аулада жүрген бала мен оның әкесі полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.Әлеуметтік желілерде Түркістан қаласында автокөліктерді тоқтатқан полиция формасындағы баланың бейнежазбасы талқылануда. Бала әкесімен бірге полиция бөліміне жеткізілген.Әкесі олардың бұл қылығына наразылық білдірген. Айтуынша, полициядағылар баланың планшетін алып қойған. Оқиғаға қатысты желі қолданушыларының бірі "баланың көзінше полицияның мәртебесін түсірді" десе, енді бірі "полиция ескерту жасаса да болар еді" деп жазды.Оқиғаға қатысты Түркістан облысының полиция департаменті түсініктеме берді. Олардың айтуынша, бала кешкі уақытта жолға шығып, қозғалыстағы көліктерді тоқтатқан. Сонымен қатар оның әкесі жақын жерде тұрып, не болып жатқанын видеоға түсірген."Мұндай әрекеттер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жүргізушілердің абайсыз қозғалысы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан полиция араласты. Бала және оның әкесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Баланың өзіне ешқандай жауапкершілік шаралары қолданылмады", - дейді полиция.Әкімшілік материал ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкесіне қатысты рәсімделген.Полиция қызметкері болуды армандау өте жақсы. Бірақ бейнеролик үшін бала өміріне қауіп төндіруге болмайды, дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
https://sputnik.kz/20260125/aqtauda-politsiya-formasyna-uqsas-kiim-kigen-eki-turgyn-zhauapqa-tartyldy-60666634.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_63:0:596:400_1920x0_80_0_0_c8242c6b8f24fd8b42ce81cac8c4c5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, полиция, жеткіншек
түркістан, полиция, жеткіншек
Әкесі жауапқа тартылды: Түркістанда полиция формасын киген бала жолда көліктерді тоқтатқан
18:30 27.10.2026 (жаңартылды: 18:41 27.10.2026) Оқиғаға қатысты облыстың полиция департаменті түсініктеме берді
АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Түркістанда полиция формасын киіп, аулада жүрген бала мен оның әкесі полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.
Әлеуметтік желілерде Түркістан қаласында автокөліктерді тоқтатқан полиция формасындағы баланың бейнежазбасы талқылануда. Бала әкесімен бірге полиция бөліміне жеткізілген.
Әкесі олардың бұл қылығына наразылық білдірген. Айтуынша, полициядағылар баланың планшетін алып қойған. Оқиғаға қатысты желі қолданушыларының бірі "баланың көзінше полицияның мәртебесін түсірді" десе, енді бірі "полиция ескерту жасаса да болар еді" деп жазды.
Оқиғаға қатысты Түркістан облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
"Баланы полиция формасын кигені немесе полиция қызметкері болуды армандағаны үшін ешкім жазалаған жоқ. Керісінше, біз балалардың болашағын полиция қызметімен байланыстыруға деген ұмтылысын құптаймыз. Бірақ бұл оқиғада біз мүлдем басқа нәрсе туралы айтып отырмыз", - дейді полиция департаменті.
Олардың айтуынша, бала кешкі уақытта жолға шығып, қозғалыстағы көліктерді тоқтатқан. Сонымен қатар оның әкесі жақын жерде тұрып, не болып жатқанын видеоға түсірген.
"Мұндай әрекеттер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жүргізушілердің абайсыз қозғалысы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан полиция араласты. Бала және оның әкесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Баланың өзіне ешқандай жауапкершілік шаралары қолданылмады", - дейді полиция.
Әкімшілік материал ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкесіне қатысты рәсімделген.
Полиция қызметкері болуды армандау өте жақсы. Бірақ бейнеролик үшін бала өміріне қауіп төндіруге болмайды, дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.