Қызылордада 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірді: 3 адам қамауға алынды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚызылордада 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірді: 3 адам қамауға алынды
Қызылордада 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірді: 3 адам қамауға алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2026
Жазылу
Қайғылы оқиға 8 қазанда дәмхана жанында болған
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Қызылордада 20 жастағы жігіттің өлімінен кейін 3 адам ұсталды, деп хабарлайды полиция.
Марқұмның әпкесінің айтуынша, қайғылы оқиға 8 қазанда дәмхана жанында болған.
Інісіне шамамен 12 адам жабылып, соққыға жыққан және жүрек тұсына үш рет пышақ салған.
Туыстары кінәлілердің бәрі жауапқа тартылып, істің әділ өтуін талап етіп отыр.
"Үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полициядағылар.
Қазіргі уақытта оқиға орнындағы бейнежазбалар зерттеліп жатыр. Жанжалға қатысы бар өзге де адамдардың әрекеті тексеріледі, делінген хабарламада.
Қызылордада алаңда анасының көзінше оқушыны қатарласы өлтіріп кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2026
"Балама тиіспеңдерші": Қызылордада алаңда анасының көзінше оқушыны қатарласы өлтіріп кетті
Жаңалықтар
0